Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет4/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

жалпы
және 
жүйелік
патофизиология 
деген екі үлкен бөлімнен түрады. Жалпы патофизиология 
ауру туралы жалпылама түсінікпен (жалпы нозология) және 
біртектес дерттік үрдістермен таныстырады. Ауру туралы 
жалпы түсінік аурудың пайда болу себептік байланыстары 
(этиологиясы), олардың даму жолдары (патогенезі) туралы 
түсініктермен байланысты. Ал, олар өзалдына организмнің 
тұқым қуалаушылық ерекшеліктерімен, дене бітімімен және 
қоршаған орта ықпалдарына жауап қайтару қабілетімен 
(реактивтілігімен) тығыз қатынаста болады. Сондықтан бұл 
түсініктер патофизиологияның жалпы нозология тарауына 
енеді. Жалпы патофизиологияның келесі маңызды тарауы 
болып біртектес дерттік үрдістер есептеледі. Оларға: 
жасушалардың 
бүліністері, 
жергілікті 
қанайналым 
бұзылыстары, қабыну, қызба, зат алмасуларының біртектес 
бұзылыстары, аллергия, өспе өсуі т. б. жатады

Біртектес 
дерттік 
үрдістер
мынадай 
нышандарымен 
айқындалады: 
● олар көптеген әртүрлі себепкер ықпалдардан дамиды 
және, соған қарамай, белгілі бір жалпы заңдылықтармен 
немесе бір патогенездік жолмен өрбиді; 
● олар әдетте екі қарама-қарсы, бүліністік және 
икемделістік-бейімделістік, құбылыстардың диалектикалық 
бірлігімен, өзара күресімен сипатталады; 
● олар жоғары дамыған жануарлар мен адам денесінде 
бірдей заңдылықтармен өтеді. Осы жағдайларда ғана 
біртектес дерттік үрдістер деп атайды. 
Жүйелік патофизиология организмнің жекелеген 
ағзалары мен жүйелерінде дерт даму заңдылықтарын 
зерттейді. 
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ

ПӘНІ

ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ

ҚЫСҚАША
 
ТАРИХЫ. 
Аурулардың пайда болуын, даму жолдары мен зардаптарын 
зерттеу үшін жануарларға тәжірибелер жасау қажеттілігі 
пайда болды. Бүгінгі күні қазақ жерінде жануарларға 
тәжірибе жасау көне заманнан басталғаны белгілі болып 
отыр. 
Қараүзген 
шипагер 
Өтебойдақ 
Тілеуқабылұлы,


14
Есімханның ұлы Жәнібек ханның тапсырмасы бойынша, XVII-
ғасырдың екінші жартысы шамасында жазып қалдырған 
қолжазбасы осы айтылғанның толық айғағы бола алады. Бұл 
ұлы шипагер-ғалым қойлар мен дала түлкілеріне тәжірибе 
жасап, 
қанайналым 
шеңберлерін 
ашқаны 
айқындалды. 
Қойлардың басын және жүрегін зақымдап, ми мен жүректің 
организм тіршілігіндегі маңызын зерттеген. Ол шешекке 
қарсы екпелер дайындау үшін таналарды егіп, олардан сау 
адамдарды егетін таназат (вакцина) алған. Ол кісінің 
таназат алу жолы сол кездегі халықтың жергілікті тұрмыс 
жағдайларына толығынан сәйкес келеді. Мәселен, танадан 
алынған вакцина жаңа сойылган малдың бүйрек қапшығына 
құйыльш, қараңғы жерде сақталуы өз заманының, тіпті 
бүгінгі ғалымдардың ойына келмейтін, үлкен ғылыми 
жетістігі болып есептеледі. 
Сонымен бірге, бұл ғүлама шипагердің адам денесінің 
сусыздануын және оньщ сатыларын, суға кетіп өлген немесе 
суыққа үсіп қалған адамдарды тірілту жолдарын алғаш 
зерттеп шешуі өз заманының үлкен ғылыми жетістіктеріне 
жатады. Көрсетілген ғылыми еңбек баспада басыльш, кең 
тарамағанымен, басқа елдердің елшілері мен саудагерлері 
арқылы ауыздан ауызға беріліп, жер шары мемлекеттеріне 
тарап кетуі ешбір күмән тудырмайды. Сондықтан еуропалық 
ғылыми медицинаның дамуына бүл ақпараттар ықпал етпеді 
деуге ешбір негіз жоқ. 
Медицинаның өзекті мәселелерін жануарларда тәжірибе 
жасап шешу еуропалық ғылыми медицинада эксперименттік 
дерттану (патология) немесе патологиялық физиология деп 
аталды. 
1819 ж. Я. Л. Гэйллиот ең алғаш патологиялық 
физиология атауын қолданьш, «Жалпы патология және 
патологиялық физиология» атты оқулығын жариялады. Бұл 
атауды немістің ұлы патологы Р. Вирхов (1847) кеңінен 
қолданды. 
Эксперименттік дерттанудьщ негізін қалаушы болып 
Франсуа Мажанди (1738—1855), Клод Бернар (1813—1878), В. 
В, Пашутин (1845—1901) есептеледі. 
1878 ж. В. В. Пашутин жалпы және эксперименттік 
патологияны медициналық факультеттердің оқу курсына 
енгізді. 
1930 
жылдары 
бұрынғы 
Кеңестер 
Одағында 
патофизиология медицивалық пән деп аталып, медицина 
саласында жоғары білім беру бағдарламасына енгізілді. 
Сонымен Ресейде бірінші жалпы және эксперименттік 
патология кафедрасын Қазан университетінде В. В. Пашутин 
(1845—1901) ашты және ол 1878 ж. патофизиологиядан 


15
алғашқы нұсқауды жазды. В. В. Пашутиннің ғылыми 
бағыттары: 
зат 
алмасулары 
мен 
энергия 
алмасуының 
бұзылыстары, патофизиологияның маңызды мәселелерінің бірі 
болып есептеледі. Оның толық және жартылай ашығу, жылу 
алмасуының 
бұзылыстары, 
оттегі 
жеткіліксіздігі, 
гиперкапниялар туралы ізденістері бүгінгі күнге дейін 
маңызын жоғалтқан жоқ. 
Ол патофизиологиядан көптеген мамандар дайындады. 
Ресейде 
патофизиологияның 
ілім 
және 
пән 
ретінде 
қалыптасуына орыстың үлы физиологы И. П. Павловтың (1849—
1936) қосқан орасан еңбегін атамауға болмайды. Ол 
жануарлардың тіршілік құбылыстарына жаңа көзқараспен 
қарап, патологияда нервизм ілімін дамытты, қанайналым, 
асқорыту жүйелері, жоғары жүйке әрекеттері туралы 
ілімдерді толықтырды. 
Қазақстандағы бірінпгі патофизиология кафедрасы Алматы 
мединститутында, яғни бүгінгі Қазақ ұлттық медицина 
университетінде, 1933 жылы ашылды. 1933—1946 ж. бұл 
кафедраның меңгерушілері болып: проф. Глеклер Н. Э., 
доцент Четвертак Д. С., профессор Лейтес С. М. және 
профессор Очкур П. П. қызмег атқарды. 1946 - 1969 
ж.аралығында кафедраны профессор Глозман О. С. басқарды. 
Ол өзінің шәкірттерімен екі үлкен ғылыми проблемалар 
төңірегінде шұғылданды. Оның біріншісі: уланған дененің 
қанын донордың қанымен толық ауыстыру операциясы. Кезінде 
оның үлкен амалдық манызы болды және талай адамдарды 
өлімнен арашалап қалды Екіншісі: тез қансырау және шок 
проблемасы екінші дүние жүзілік соғыс кезінде ерекше 
көзге тұскен мәселе екендігі және онын қазіргі бейбіт 
күндерде де өте манызды екендігі ешбір күмэн туғызбайды.. 
Профессор 
О. 
С. 
Глозман 
кептеген 
патофизиология 
мамандарын дайындады. Солардың ішінде профессорлар: 
Насыбуллина X. С., Сәулебекова М. С., Каримов М. А., 
Макашев К. М„ Маманова X. Е, т.б. бар. Профессор 
Насыбуллина X. С. 1969 - 1991 жылдары аралығында Алматы 
мединститутыньщ 
патофизиология 
кафедрасын 
меңгеріп, 
көптеген нәтижелі еңбектер атқарды. Ол оқушыларымен 
бірге, бүгінгі күннің талабына сай, көптеген ықпалдардың 
организмге бірігіп әсер етулерін зерттеді. Мәселен, 
қансырау мен гипокинезияның, ішімдіктің, қантты диабет 
пен қансыраудың т. с. с. организмге біріккен асерлерінің 
практикалық манызы зор екені ешқандай күмән келтірмейді. 
Профессор Каримов М. А. шәкірттерімен бірге Қазақ 
онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында 
әртүрлі химиялық заттардың организмде өспе дамуына 


16
тигізетін маңызын зерттеуде елеулі еңбектер атқарды. 
Профессор Сәулебекова М. С. оқушыларымен бірге Қазақ 
тағам тану институтында нәтижелі еңбек етті. 
1951 ж. Қарағанды мединститутында, бүгінгі медицина 
академиясында, патофизиология кафедрасы ашылды. Бұл 
кафедраны ұйымдастырып, айтарлықтай еңбек еткен профессор 
Я. А. Лазарис (1904 - 1989) оқушыларымен бірге екі үлкен 
ғылыми мәселелермен шұғылданды: 
● өкпе ісінуінің патогенезі және оны тәжірибеде емдеу 
жолдары,
● қантты диабет және оның патогенезі. 
Бірінші мәселе бойынша өкпе ісінуі кезінде өкпе 
қылтамырлары қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылауында 
жүйке жүйесінің маңызы көрсетілді. Екінші мәселе бойынша 
қантты диабеттің эксперименттік үлгісін жануарларға 
аллоксан енгізу арқылы алуды алғаш ұсынды. Аллоксандық 
және дитизондық диабеттерді тәжірибеде зерттеу арқылы 
қантты диабеттің патогенезін анықтауға айтарлықтай үлес 
қосты. 
1955 
ж. 
патофизиология 
кафедрасын 
Семейдің 
мединститутында, 
бүгінгі 
медицина 
академиясында, 
профессор Назарова Т. А. (1915-1986) ұйымдастырды. Оның 
негізгі 
ғылыми 
бағыты 
әртүрлі 
шок 
жағдайларының 
(жарақаттық, гемотрансфузиялық т. б.) жүйкелік рефлекстік 
жолдармен дамуын терең зерттеуде болды. Организмнің 
сезімтал рецепторлары орналасқан әртүрлі аумақтарын (ұйқы 
артериясының 
синокаротидтік 
аумағын, 
ішектердің 
бөліктерін, көкбауырды) тұтас қан жүйесінен оқшаулап, 
оларға бөтен қанмен әсер ету арқылы шок дамуында 
жүйкелік-рефлекстік жолдардың маңызы үлкендігін көрсетті. 
Профессор Назарова Т. А. Қазақстанда патофизиологиядан 
өзінің мектебін ашқан ғалым. Оның шәкірті доцент Қ. А. 
Шаймарданов 
(1936-2004) 
Семей 
мединститутының 
патофизиология кафедрасын оншақты жыл басқарды. 1997 
жылдан бастап 2004 жылға дейін бұл кафедраны Т. А. 
Назарованың шәкірті профессор В. И. Кравцов басқарып 
жарақаттық шок кезіндегі иммунитеттің өзгерістері туралы 
докторлық диссертация қорғады.
1959 ж. Ақтөбе мединститутында (қазіргі медицина 
академиясында) 
патофизиология 
кафедрасын 
профессор 
Маманова X. Е. (1918—1977) ұйымдастырды. Ол иммунология 
саласында 
біршама 
еңбектер 
атқарды. 
Оның 
оқушысы 
профессор Қасенов Қ. О. көрсетілген кафедраны 1977 жылдан 
2001 жылға дейін меңгеріп, организмге жылан уының әсерін, 
оны емдеу жолдарын іздестіруде нәтижелі еңбектер атқарды. 


17
1967 ж. Ақмола мединститутында, бүгінгі қазақ медицина 
акаде-миясында, патофизиология кафедрасы ашылды. Ол 
кафедраны кейін ұзақ жыл профессор В. Г. Корпачев (1936—
1998) меңгеріп, организмнің төтенше ауыр жағдайларын, 
постреанимациялық патологияны зерттеуде ғылымға елеулі 
үлес қосты. Ол көптеген патофизиология мамандарын 
дайындап қалдырды. Соның ішінде профессор Е. Д. Дәленов, 
профессор Н. Қ. Хамзина т.б. атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет