Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Денсаулық деп организмнің сыртқы орта



Pdf көрінісі
бет6/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Денсаулық деп организмнің сыртқы орта 
ықпалдарына бейімделіп, өзінің ішкі тұрақтылығын қалыпты 
деңгейде 
сақтап 
қалатын 
жағдайын 
айтады.
Осыған 
байланысты көптеген ғалымдар ауруды ұдайы өзгеріп тұратын 
сыртқы 
ортаның 
ықпалдарына 
организмнің 
бейімделу 
қабілетінің бұзылуы — деп анықтайды.
Ауру денсаулықтан мына жағдайлармен ерекшеленеді: 
● ол ауру туындататын экзогендік немесе эндогендік 
себепкер ықпалдардан дамиды
● ол ағзалар мен тіндерде құрылымдық, зат алмасулық 
және функциялық өзгерістердің пайда болуымен көрінеді. 
Бұл өзгерістер ағзаның бүліністерімен және бұзылған 
функцияларының теңгерілуімен қабаттасады
● 
ол 
қоршаған 
ортаның 
ұдайы 
өзгеріп 
тұратын 
ықпалдарына 
организмнің 
икемделіп 

бейімделу 
мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінеді; 
● ол организмнің рухани және күш-қуат жұмсау 
мұқтаждықтарын өтеу мүмкіншіліктерінің төмендеуімен және 
еңбек жасындағы ересек адамдардың еңбекке қабілеті 
азаюымен байқалады; 
● 
ол 
адамның 
көңіл-күйінің 
және 
күш-қуатының 
сәтсіздігіне әкеледі. 
Сонымен
,
 
ауру - деп тұтас организмнің қоршаған ортаның 
ықпалдарына 
қорғанып-бейімделу 
мүмкіншіліктерінің 
шектелуімен көрінетін, дерт туындататын сыртқы немесе 
ішкі 
ықпалдардан 
дамитын, 
оның 
биологиялық 
және 
әлеуметтік мұқтаждықтарын атқара алмайтын жаңа сапалы 
жағдайын 
айтады.
Ауру 
түсінігі 
дерттік 
серпіліс 
(патологиялық реакция), дерттік үрдіс (патологиялық 
процесс), дерттік жағдай (патологиялық жағдай) деген 
түсініктерге жақын түрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет