Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


ұяшық- қылтамырлар аралық бөгет



Pdf көрінісі
бет468/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

ұяшық-
қылтамырлар аралық бөгет 
дейді.
Газдардың диффузиясы бұзылыстарынан ауыр артериялық 
гипоксемия дамиды. Бірақ гиперкапния онша байқалмайды. 
Өйткені көмір қышқылы газының диффузиялық қасиеті, 
оттегіге қарағанда, 20,3 есе жоғары болады. 
Өкпе перфузиясының бұзылыстары. 
Өкпеде қанайналымның 
(перфузияның) бұзылыстары мына жағдайларда дамуы мүмкін: 
● жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде; 
● туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек 
кемістіктерінде 
(атриовентрикулалық 
қақпақшалардың 
тарылуы, 
жүрекшелердің 
арасындағы 
сопақша 
тесіктің 
бітелмей қалуы, Ботал өзекшесінің бітелмеуі т. с. с.); 
● өкпе артерияларында қан қатпаларының (тромбылар) 
құрылуы немесе эмболдар тұрып қалуы
● сілейме (шок), коллапс кездерінде қан тамырлары 
қызметтерінің жеткіліксіздігінен өкпеге аз қан келуінен; 
Осы жағдайларда қанның оттегіге қанығуы болмайды да, 
артериялық гипоксемия және, көмірқышқылы газының сыртқа 
шығарылмауынан, 
гиперкапния 
дамиды. 
Кіші 
қанайналым 
шеңберінде қан іркіліп тұрып қалуынан артынан өкпенің 
ісініп кетуі болады. Содан ұяшықтар суға толып қалып, 
оларда ауа алмасуы одан сайын бұзылады.
Сонымен бірге, өкпенің ішінде ұяшықтардың желдетілуі 
мен олардың қанмен қамтамасыз етілуінің жергілікті 
бұзылыстары маңызды орын алады. Қалыпты жағдайда қызмет 
атқаратын өкпе ұяшықтарына қан жақсы келеді де, қызмет 
атқармайтын ұяшықтарға оның келуі шектеледі (Эйлер 
рефлексі). Содан өкпе ұяшықтарындағы вентиляция мен 
олардың перфузиясының арақатынасы (
V
a
/Q) 
бірге жуық 
болады.
Бұл арақатынастың бірден астам болуы қан келмейтін 
ұяшықтарда вентиляция болуын көрсетеді. Бұндай жағдайды 
дәрменсіз 
вентиляция
дейді. 
Бұл 
кезде 
артериялық 
гипоксемия 
байқалмауы 
мүмкін. 
Өйткені 
тыныс 
алу 
бұлшықеттерінің артық жұмыс атқаруынан тыныстық ауа 
көлемі, тыныс алудың жиілігі және тыныстың минөттік көлемі 
жоғары деңгейде ұсталып тұрады. 
Дем алудың минөттік көлемі тереңдігі өзгермей, тек 
оның жиілеуімен бір деңгейде ұсталып тұрғаны өкпе 
ұяшықтарындағы вентиляцияның азаюын және ауа алмасуының 
нашарлығын 
көрсетеді. 
Сондықтан 
өкпе 
ұяшықтарының 
вентиляциясына зор көңіл бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет