Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет476/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Экзогендік гипоксия. 
Дем алатын ауада оттегінің 
үлестік қысымы төмендеп кетуінен экзогендік гипоксия 
дамиды. Ол гипобариялық және нормобариялық болып екі түрге 
ажыратылады:
● 
гипобариялық гипоксия 
адам теңіз деңгейінен жоғары 
биіктіктерге 
көтерілгенде 
дамиды; 
Өйткені 
жоғары 
биіктіктерде атмосфералық қысым төмендеуінен дем алатын 
ауада оттегінің үлестік қысымы азаяды; Бұл гипоксия 
кезінде оттегінің қандағы деңгейі азаюына (артериялық 
гипоксемияға) 
байланысты 
тыныс 
алудың 
жиілеуінен 
көмірқышқылы газы көптеп организмнен сыртқа шығарылады. 
Осыдан оның қандағы деңгейі төмендеп, гипокапния дамиды. 
Гипокапнияның нәтижесінде: 
♣ оксигемоглобиннің оттегіге үйірлігі артып, одан 
оттегінің ажырауы және оның тіндерге берілуі тежеледі
♣ 
тыныстық 
алкалоз 
дамиды. 
Оттегінің 


569
жеткіліксіздігінен, қышқыл өнімдер артық жиналып қалуы 
болып, ол метаболизмдік ацидозбен ауысады; 
♣ жүрек пен мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады; 
өйткені көмірқышқылы газының белгілі мөлшері ми мен жүрек 
тамырларының межеқуатын ұстап тұруы үшін қажет.
♣ тыныс алу орталығының қозымдылығы төмендейді. 
Содан бастапқы тыныс алудың жиілеуі оның сиреуімен 
ауысады, брадипноэ дамиды.
● 
нормобаряиялық гипоксия
ауасы алмастырылмайтын тар 
кеңістіктерде, 
терең 
құдықтарда 
немесе 
хирургиялық 
операция кезінде қолмен демалдыратын құрал істен шыққанда 
байқалады. Бұл жағдайларда адамды қоршаған ортада, 
барометрлік қысым қалыпты деңгейде болғанына қарамай, дем 
алатын ауада оттегінің үлестік қысымы қатты төмендейді. 
Содан өкпеде қанның оттегіге қанығуы азаяды, артериялық 
гипоксемия дамиды және ол көмірқышқылы газының көптігімен 
бірге әсер етеді. Бұл жағдайларда организмде гипоксемия 
мен қатар гиперкапния байқалады. Шамалы гиперкапния ми мен 
жүректе 
қанайналымды 
жақсартып, 
мидағы 
тыныс 
алу 
орталығының қозымдылығын көтереді. Ал, ол тым артық болып 
кетсе, онда организмде газдық ацидоз дамиды, гемоглобиннің 
оттегіге үйірлігі азайып, оны байланыстыру қабілеті 
төмендейді. Осыдан гипоксия одан сайын күшейеді. 
Бұл екі жағдайда да өкпеде гемоглобиннің оттегіге 
қанығуы нашарлайды, қанда оксигемоглобин мен оттегінің 
кернеуі азаяды, онда керісінше, тотықсызданған гемоглобин 
көбейеді. Осыдан гипоксемия дамиды, цианоз байқалады. 
Тіндерге оттегі аз түседі де, оларда тотығу-тотықсыздану 
үрдістері бұзылады. Дегенмен, бұл үрдіс қандағы оттегінің 
деңгейі белгілі мөлшерге дейін төмендегенше жүріп жатады. 
Одан ары қарай оттегінің азаюы тіндік тыныстың толық 
бұзылуына әкеледі. Сондықтан, тіндерде тотығу-тотықсыздану 
үрдісі әлі жүріп жататын оттегінің қандағы ең төмен 
деңгейін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет