Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет475/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Гипоксия
 
Гипоксия 
(грек. hypo-аз, төмен, oxygenium-отгегі) – 
деп ағзалар мен тіндерде оттегінің жеткіліксіздігін 
айтады. Ол тіндерге оттегінің аз жеткізілуінен немесе 
жасушалардың 
оттегін 
тотығу-тотықсыздану 
үрдістеріне 
пайдалануы бұзылыстарынан дамиды.
Гипоксия көптеген аурулардың дамуында маңызды орын 
алады. Ол әртүрлі себептерден дамуы мүмкін. Соған қарамай 
гипоксиядан 
дамыған 
дерттер 
мен 
оған 
икемделістік 
серпілістердің көріністері өзара өте тығыз байланысты 
болып келеді. Сондықтан гипоксияны .біртектес дерттік 


568
үрдістерге жатқызады. 
Гипоксияны 
жіктеудің 
бірнеше 
түрлері 
бар. 
Өту 
жылдамдығы бойынша: 
● қауырт - бірнеше секундтың ішінде дамитын; мәселен 
цианидтермен уланғанда;
● жіті - бірнеше минуттың ішінде дамитын; мәселен, 
асфиксия кезінде, ауыр қансыраудан кейін, қатты иіс 
тигенде, сілейме, коллапс кездерінде, өкпе ісінуі 
нәтижесінде; 
● созылмалы - бірнеше аптадан, айлар-жылдар бойы 
созылатын гипоксияның түрлерін ажыратады. 
Созылмалы 
гипоксия 
ұзақ 
өтетін 
өкпе 
аурулары 
кездерінде, жүрек әлсіздігі, анемиялар т. с. с. дерттердің 
нәтижесінде біртіндеп дамиды.
Пайда болу себептері мен даму жолдары бойынша И. Р. 
Петровтың (1949) ұсынған жіктеуі әлі маңызын жоғалтқан 
жоқ. Бұл жіктеу бойынша барлық гипоксия екі үлкен топқа 
ажыратылады: 
экзогендік гипоксия;
● эндогендік гипоксия. 
Экзогендік гипоксия дем алатын ауада оттегінің 
үлестік қысымы төмендеуінен дамиды. 
Эндогендік гипоксия организмнің әртүрлі аурулары 
нәтижесінде байқалады. Бұл гипоксияны пайда болу себебіне 
және даму жолдарына қарай И. Р. Петров:
♣ тыныстық немесе респирациялық; 
♣ қанайналымдық немесе циркуляциялық; 
қандық немесе гемдік
♣ тіндік немесе гистотоксиндік; 
♣ араласқан — деп 5 түрге ажыратты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет