Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет473/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Инспирациялық ентік 
— демді ішке тартудың ауырлауымен 
және оның ұзаруымен сипатталады (-сурет. 6). Ол жоғарғы 
тыныс жолдары мен кеңірдек саңылаулары тарылғанда (күл 
ауруы, тамақ ісінулерінде, дыбыс байламдары жиырылғанда, 
бөгде зат тамаққа тұрып қалғанда) дамиды.
- сурет. Кеуде қуысы сырты мен ішіндегі тыныс алу жолдары 
тарылғандағы тыныс алу ерекшеліктері. 
Демді сыртқа шығару кезінде тыныс алу жолдарында 
ауаның қысымы олардың сыртындағы қысымнан жоғары болады 
да, оған бөгет азаяды. Демді ішке тарту кезінде тыныс алу 
жолдарында ауаның қысымы олардың сыртындағы қысымнан
төмен болғандықтан бөгет одан сайын тарылады (-сурет).
Экспирациялық ентік 
кеуде қуысының ішіндегі тыныс алу 
жолдары тарылғанда байқалады. Бұл кезде демді сыртқа 
шығару ұзақтығы демді ішке тартудан ұзақ және ауыр болады 
(-сурет). Демді сыртқа шығарғанда тыныс алу жолдарындағы 
ауа қысымы кеуде қуысы ішіндегі қысымнан төмен болады да, 
тарылған жер одан сайын тарылады, дем шығару ауырлайды. 
Демді 
ішке 
тартқанда 
өкпеқап 
ішінде 
теріс 
қысым 
болғандықтан тыныс алу жолдарындағы ауаның қысымы одан 
артып, тарылған жер кеңиді, демді ішке тарту жеңілдейді (-
сурет). Осындай ентік бронхиалық демікпе, өкпе эмфиземасы
тұншығудың 2-сатысында тыныс алу орталығының қызметі 
бұзылғанда кездеседі.
Дерттік тыныстарға Чейн-Стокс 
және 
Биотт 
түрдегі 
үзілісгі тыныстар, Кусмауль тынысы (-сурет), асфиксия, 


566
агониялық тыныс немесе ақтық дем жатады. 
Чейн-Стокс 
тынысы
бас 
сүйек 
ішіндегі 
қысым 
көтерілгенде (қан қүйылу, менингит, өспе өсуі т. б.), 
ұйықтатын немесе наркоздық дәрілермен уланғанда, ауыр 
артериялық гипертензия, ми тамырларының атеросклерозы, 
жүрек 
қызметінің 
жеткіліксіздігі, 
уремия 
кездерінде 
байқалады (-сурет). 
Биот тынысы
ОЖЖ бүліністері кездерінде, әсіресе 
сопақша ми бүліністерінде байқалады (-сурет).
Үзілісті тыныстардың дамуында әдеттегі СО
2
мөлшеріне тыныс алу орталығының қозымдылығы төмендеуінің 
маңызы өте зор. Оның қозымдылығының төмендеуі нәтижесінде 
демді ішке тарту тек қанда СО
2
тым артық жиналғанда ғана 
пайда болады. Ары қарай тыныс алу орталығының қозымдылығы 
тыныстық 
бұлшықеттердің 
проприоцепторларынан 
түсетін 
серпіндермен, ширатылып аздап күшейеді (Чейн-Стокс тынысы 
кезінде). Тыныс алу қозғалысының тереңдігі үлкейген сайын 
өкпе вентиляциясы жақсарады, көмірқышқыл газының артығы 
қаннан 
аластанады. 
Осыдан 
тыныс 
алу 
орталығының 
қозымдылығы қайта төмендейді, тыныс алу көлемі және тыныс 
алу бұлшықеттерінің проприоцепторларынан серпіндердің 
тыныс орталығына түсуі азаяды — тыныс алу тоқтап (апное), 
үзіліс пайда болады. Бұл уақытта қанда СО
2
жиналады да, 
барлық жоғары да келтірілген оралым қайталанады. 
Кусмауль тынысы
тым терең және сирек тыныстық 
қрзғалыстармен және қатты тыныстық шумен қабаттасады (-
сурет). Бұндай тыныс алу қанда қышқыл өнімдер жиналып 
қалуына әкелетін дерттік жағдайларда (уремия, диабеттік 
кома) байқалады. Тыныс алудың бұндай бұзылу себебі болып, 
тыныс орталығы жасушаларына Н
+
иондарының, кетондық 
денелердің, тікелей бүліндіруші әсерлері есептеледі. 
Сыртқы тыныс алудың қатты өзгерісі асфиксия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет