Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет484/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Организмнің 
гипоксияға 
төзімділігі
көптеген 
факторлардан, соның ішінде оның жас мөлшеріне, байланысты. 
Жаңа туған балалар мен жануарлар, ересектерге қарағанда, 
гипоксияға төзімдірек келеді. Оның негізінде: 
● орталық жүйке жүйесінің толық дамымауы
● 
тіндерінде 
көмірсуларының 
оттегісіз 
ыдырау 
мүмкіншіліктерінің әлі басым болуы; 
● қандарында гипоксия кезінде оттегіні байланыстыра 
алатын ұрықтық гемоглобиннің сақталып қалуы - жатады. 
Орталық жүйке жүйесінің терең тежелуі және зат алмасу 
үрдістерінің 
төмендеуі 
(ұйқы, 
наркоз, 
гипотермия, 
жануарлардың қыс мезгілінде ұйқыға жатуы) кездерінде 
оттегінің 
жеткіліксіздігіне 
организмнің 
төзімділігі 


578
артады. 
Оттегінің жеткіліксіздігіне организмнің төзімділігін 
жасанды түрде көтеруге болады. Ол үшін гипотермия 
пайдаланылады.
Гипоксияны 
емдеу 
тәсілдері
оның 
даму 
сатысына, 
дәрежесіне, түріне және организмнің оған жауап қайтару 
ерекшеліктеріне 
негізделуі 
қажет. 
Бірінші 
орында 
гипоксияны туындатқан себепкер ықпалды аластау қажет. 
Тіндермен 
оттегіні 
пайдалану 
бұзылмаған 
жағдайда 
организмді оттегімен дем алдыру жақсы нәтижеге әкеледі. 
Көптеген ауруларда жоғары барометрлік қысымда оттегімен 
дем алдыру (жоғары қысымда оттегілеу) жақсы нәтижелілік 
көрсетеді. 
Бұл 
тәсіл 
көміртегі 
тотығымен 
немесе 
барбитураттармен уланғанда, жүрек қақпақшаларының туа 
біткен ақауларында т. с. с. жағдайларда қолданылады. Бірақ 
оттегі өте қуатты тотықтырғыш екенін естен шығармау керек. 
Оның артықтығы организмге уытты әсер етеді. Сондықтан 
гипоксиялар кездерінде оттегі мен көмірқышқылы газынан 
тұратын газбен дем алдыру пайдылырақ. 
Сонымен 
қатар 
организмнің 
гипоксияға 
біртіндеп 
жаттығуы 
кеңінен 
қолданылады. 
Атмосфералық 
қысымды 
төмендететін 
барокамераларда 
гипоксияға 
біртіндеп 
жаттықтыру арқылы оттегінің жеткіліксіздігіне организмнің 
төзімділігін көтеріп қана қоймай, сонымен бірге басқа 
қоздырғыштарға да (жұқпаларға, улануға, ауыртпалықтарға т. 
б.) оның бейімделу мүмкіншіліктерін арттыруға болады. Осы 
жолмен 
кейбір 
гемдік 
гипоксияны 
(гипоплазиялық, 
теміртапшылықты анемияларды) өкпенің созылмалы ауруларын
жүктемелік гипоксияны емдеу нәтижелілік көрсетуде. 
Қазіргі 
күні 
тін 
және 
жасуша 
деңгейлеріндегі 
бұзылыстарды 
қалпына 
келтіруге 
бағытталған 
арнайы 
гипоксияға қарсы дәрі-дәрмектер өндіріледі. Тыныстық 
ферменттердің 
тізбектерінде 
электрондарды 
жасанды 
тасымалдаушы (цитохром С, гидрохинонға сәйкес) препараттар 
қаралып жатыр. Сонымен бірге май қышқылдарының асқын 
тотығуын тежейтін антиоксиданттар қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет