Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет482/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

гемоглобинннің 
оттегіге үйірлігі
анықталады. 
- сурет. Гемоглобиннің оттегіден ажырасу сызығына 
әсер ететін ықпалдар. 
А- температураның әсері, Ә- рН деңгейінің әсері, Б- рСО
2
деңгейінің әсері. 
Оксигемоглобиннің 
диссоциациялық 
сызығы 
оң 
жаққа 
немесе 
сол 
жаққа 
қарай 
ауытқуы 
мүмкін. 
Мәселен, 
келтірілген А-суретінде дене қызымы 30˚ мөлшеріндегі 
оксигемоглобиннің диссоциациялық сызығы қалыпты –деп 
есептеледі. Дене қызымы төмендегенде (20˚ және 10˚ - қа 
дейін) бұл сызық сол жаққа қарай жылжиды. Бұл кезде 
гемоглобиннің оттегіге үйірлігі артып, дем алатын ауада 
оттегінің үлестік қысымы аз болғанның өзінде гемоглобин 
оттегіні жақсы байланыстырады. Бірақ оттегі онымен қатты 
байланысып, 
оксигемоглобиннің 
оттегіден 
ажырасуы 
нашарлайды. Осыдан оксигемоглобиннен оттегінің тіндерге 
берілуі бұзылуы мүмкін. Бірақ бұл кезде эритроциттердің 


575
іштерінде 2,3-дифосфоглицерат жиналып, оттегінің тіндерге 
берілуін жақсартады.
Дене 
қызымы 
қатты 
көтерілгенде 
оксигемоглобиннің 
диссоциациялық сызығы оң жаққа қарай жылжиды. Осындай 
жағдай рН төмендеп, ацидоз дамығанда, қанда көмірқышқылы 
газының 
үлестік 
қысымы 
көтерілгенде 
байқалады. 
Ол 
дегеніміз 
гемоглобиннің 
оттегіге 
үйірлігі 
азаюын 
көрсетеді. 
Бұл 
кездерде 
оксигемоглобиннің 
оттегіден 
ажырасуы артып, оны тіндерге беруі көбейеді. Дегенмен
гемоглобиннің оттегіге үйірлігі тым аз болса, онда өкпе 
ұяшықтарында 
оттегі 
жеткілікті 
болуына 
қарамай, 
гемоглобиннің оттегіні байланыстыруы мен артериялық қанның 
оттегіге қанығуы нашарлайды.
Сонымен қорыта келгенде, гипоксия кезінде сыртқы ауада 
оттегінің 
үлестік 
қысымы 
(рО
2

азайғанның 
өзінде 
гемоглобиннің оны байланыстыру қабілеті артады. Артериялық 
қанның оттегімен қанығуы әдеттегіден жоғары болады. 
Тіндерде рО
2
аз болғандықтан гемоглобинмен оттегінің 
байланысы әлсірейді. Осыдан тіндер қаннан оттегіні шамамен 
артық қабылдайды. 
Оксигемоглобиннің оттегіні тіндерге беру қабілеті 
эритроциттердің 
іштерінде 
АТФ 
молекуласы 
мен 
2,3-
дифосфоглицерат көбейгенде артады. Анемиялар кездерінде 
осындай 
өзгерістер 
болуының 
қорғаныстық-икемделістік 
маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   478   479   480   481   482   483   484   485   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет