Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Бауырлық команың патогенезі



Pdf көрінісі
бет490/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Бауырлық команың патогенезі. 
Бауыр 
жасушаларының 
уытсыздандыру қызметі бұзылғанда немесе қақпа көктамыры 
мен қуыс көктамырлардың арасында тікелей байланыстар пайда 
болғанда (қақпа көктамырында қан қысымы көтерілгенде), 
қанда: 
● аммиак, улы полипептидтер, амин қышқылдарының 
бактериялық 
декарбоксилдену 
өнімдері 
(тирамин) 
т.б, 
өзгерген 
бауыр 
жасушаларымен 
уытсыздандырылмаған, 
ішектерден түсетін фенол, индол, скатол, кадаверин, 
путресцин т.с.с. заттар жиналады. Аммиак мида α-кетоглютар 
қышқылын байланыстырып, оны үшкарбон қышқылы оралымынан 
аластайды. Сондықтан мида тотығу-тотықсыздану үрдісі 
тежеледі, макроэргиялық фосфорлық қосындылардың түзілуі 
азаяды, энергия тапшылықтық жағдай дамиды; 
● қанда тираминнің деңгейі көтерілуі октопаминнің 


584
көбеюіне әкеледі. Окгопамин орталық жүйке жүйесінің 
түйіспелерінен 
(синапстарынан) 
қозу 
дәнекерлерін 
(медиаторларын: норадреналин, дофамин) ығыстырады да, 
синапстардың қызметтерін бұзады; 
● қанда глюкозаның деңгейі төмендейді, гипогликемия 
дамиды. Осыдан орталық жүйке жүйесінде энергия түзілуі 
қатты азаяды; 
● бауырда үшкарбон қышқылдары оралымын қамтамасыз 
ететін ферменттердің (коэнзим-А) түзілуі бұзылудан қанда 
миға уытты әсер ететін заттар (ацетоин, бутиленгликоль) 
көбейеді; 
● су мен электролиттердің алмасуы бұзылады; Бауыр 
жеткіліксіздігі нәтижесінде әлдостеронның дер кезінде 
ыдыратылмауынан салдарлық әлдостеронизм дамып, организмде 
натрий мен су жиналып қалады, калий иондары зәрмен көптеп 
шығарылады, гипокалиемия дамиды. 
Бауырдың 
уытсыздандыру 
қызметінің 
төмендеуі 
нәтижесінен әртүрлі дәрі-дәрмектерге (хининге, морфинге
барбитураттарға, 
дигиталиске 
т.б.) 
организмнің 
сезімталдығы жоғарылайды. Организмге енгізілген дәрілер 
дер кезінде ыдыратылмай, улы әсер етулері мүмкін. 
Сондықтан бұл жағдайды бауыры ауыратын адамдарға емдік 
мақсатта дәрі-дәрмек беруде мұқият есте сақтау керек. 
Сонымен бірге, бауырдың өтті ішекке шығару 'қызметі 
бұзылғанда да, өртүрлі улы өнімдер, дәрілер организмде 
жиналып қалуы мүмкін. 
Бұл 
көрсетілгендерден 
басқа 
бауырдың 
қорғаныстық 
қызметіне 
бауырдағы 
бірядролы 
макрофагтар 
жүйесінің 
белсенділігі жатады. Сондықтан бауыр ауруларында осы 
көрсетілген 
жүйе 
әлсіреуі 
нәтижесінде 
организмнің 
жұқпаларға төзімділігі төмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет