Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Тіндік  (гистотоксиндік)



Pdf көрінісі
бет479/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Тіндік 
(гистотоксиндік) 
гипоксия, 
ағзалар 
мен 
тіндердің 
оттегімен 
жеткілікті 
қамтамасыз 
етілуіне 
қарамай, тотығу-тотықсыздану үрдістерінің бұзылыстары 
нәтижесінде оттегі тіндермен пайдаланылмауынан дамиды. 
Тіндік гипоксияның себептері болып: 
● тыныстық ферменттердің азаюы немесе әсерсізденуі; 
● тотығу үрдістері мен фосфорлану үрдістерінің бір-
біріне ұласпауы есептеледі.
Тыныстық 
ферменттердің 
(цитохромоксидазаның) 
әсерсізденуі көптеген химиялық улы заттардың әсерлерінен, 
цианидтермен, 
монойодацетатпен 
уланғанда 
байқалады. 
Ішімдіктер және кейбір наркоздық препараттар (эфир, 
уретан) дегидрогеназа ферменттерін әсерсіздендіреді. 
Тіндік 
гипоксияға 
әкелетін 
тотығу-тотықсыздану 
ферменттері 
түзілуінің 
бұзылыстары 
витаминдердің 
жеткіліксіздіктерінде 
байқалады. 
Көптеген 
витаминдер 
фермент түзілуіне қажетті коферменттер болады. Мәселен, 
рибофлавин флавиндік ферменттердің, никотин қышқылы НАД 
(никотинамиддинуклеотид)-тәуелді 
дегидрогеназалардың 
коферменттері 
болады. 
В
1
-витамині 
(тиамин) 
глюкоза 
тотығуында тиаминпирофосфат түрінде кофермент болады. 
Содан оның тапшылығынан организмде глюкозаның тотығуы 
бұзылады. Сондықтан организмде витаминдердің аздығы 
ферменттер- дің түзілуін азайтады. 
Қалқанша бездің қызметі көтерілгенде, кейбір химиялық 
заттардың (α-динитрофенол т.б.) әсерлерінен тотығу үрдісі 
фосфорлану үрдісіне ұласпайды. Содан заттардың алмасуынан 
түзілген энергия, АТФ түзілуіне әкелмей, жылу түрінде 
тарайды.
Тіндік гипоксияның пайда болуында еркін радикалдық 
асқын тотығудың маңызы үлкен. Май қышқылдарының гидроасқын 
тотықтары митохондрийлардың мембраналарын бүліндіріп, 
тотығу-тотықсыздану үрдістерін бұзады. Бұндай жағдай, 
химиялық улы заттардың (ауыр металдардың, төртхлорлы 


572
көміртегінің т.б.), иондағыш сәулелердің, гипоксиядан 
кейінгі реоксигенацияның әсерлерінен дамуы ықтимал.
Тіндік гипоксия кезінде қанда оттегінін деңгейі 
қалыпты мөлшерде болады және артериялық қанның гемоглобині 
оттегіге 95-98%-ға дейін қанығады. Тіндерге жеткізілген 
оттегі 
пайдаланылмауынан 
көктамырлар 
қанындағы 
оның 
деңгейі көтеріледі. Осыдан оттегінің мөлшері бойынша 
артериялық қан мен веналық қанның айырмашылығы қатты 
азаяды. Оксигемоглобин тотықсызданбай веналық қанға өтуіне 
байланысты онда тотықсызданған гемоглобиннің мөлшері 
төмендейді. Сол себептен тіндік гипоксия кезінде дене 
мүшелерінің көгілдірленуі (цианоз) байқалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет