Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет60/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

гаптендер
дейді. 
Дәрілік аллергия дамуына қолайлы ықпалдар: 
● организмнің тұқым қуалаушылыққа бейімділігі
● өзін-өзі емдеуге дәрілерді қалай болса солай 
бақылаусыз қабылдау; 
● дәрілерді науқастың ұзақ мерзім, әсіресе бірнеше 
мәрте қайталап, қабылдауы
● сау адамдардың кәсіби міндеттеріне байланысты 
дәрілермен жанасуы; 
● 
науқас 
адамдарға 
көптеген 
дәрілерді 
орынсыз 
тағайындау; 
● антигені бойынша ұқсас дәрілерді тағайындау; 
● 
организмнің 
антигенге 
сезімталдығын 
көтеретін 
дәрінің белсенділігі, оның физикалық-химиялық құрамы; 
● 
организнің 
реактивтілігін 
дәрігердің 
дұрыс 
бағаламауы, бауыр мен бүйрек ауруларына назар аудармауы; 
● дәрілерді пайдаланар алдында теріде аңғарымдық 
сынамалар өткізу; 
● тұрғындардың арасында кеңінен екпелер жасау және 
емдік сарысуларды қолдану. 
Организмнің реактивтілігі аллергияның пайда болуында, 
оның өтуі мен салдарларында өте маңызды орын алады. 
Тұқым 
қуалаушылыққа 
бейімділік, 
майда 
саңырауқұлақтармен 
терінің 
бүліністері, 
созылмалы 
жұқпалардың ошақтары болуы, қосанжарласқан аллергиялық 
аурулар 
(поллиноз, 
кеңірдекшелік 
демікпе, 
тағамдық 
аллергиялар) дәрілік аллергия дамуына қолайлы ықпал 
етеді. Олардың дамуында кейбір антигендерге организмнің 
иммундық 
жүйесінің 
жауап 
қайтаруға 
деген 
тектік 


75
ерекшеліктері маңызды болады. Әрбір антигенге иммундық 
жауап 
қайтару 
адамның 
тегіне 
байланысты. 
Тін 
үйлесімділігінің үлкен кешенінің (МНС, ағылш. Major 
histocompatibility 
complex) 
антигендері 
түзілуін 
қадағалайтын Ir- геннің (ағылш. Immune response – 
иммундық жауап), сонымен бірге комплементтің кейбір 
құрамбөлшектерінің құрылуын қадағалайтын гендердің қызмет 
атқаруларынан организм реактивтілігі тікелей байланысты 
болады. Иммундық жүйе тізбектерінің жұмыстарындағы тұқым 
қуатын немесе жүре пайда болған кемістіктер аллергия 
дамуына әкеледі. Мәселен, Т-супрессор жасушаларының төмен 
белсенділігі 
Ig 

артық 
түзілуіне 
және 
әртүрлі 
аллергендерге, 
соның 
ішінде 
дәрілерге, 
организмнің 
сезімталдығын көтереді. Сөлденістік (секрециялық) Ig A 
тапшылығы 
тыныс 
алу 
және 
асқорыту 
жолдарының 
аллергендерге 
өткізгіштігін 
арттырады. 
Осыдан 
ол 
аллергендерге организмнің сезімталдығы көтеріледі. 
Тұқым қуалаушылыққа бейімділік дәрілік аллергияның көп 
жақты түрлерін қалыптастырады. Содан бір адамда химиялық 
құрылымы, 
фармакологиялық 
әсері 
әртүрлі 
көптеген 
дәрілерге аллергия дамиды және ол тағамдық заттарға, 
өсімдік тозаңдарына немесе т.б. аллергендерге аллергия 
дамуымен қабаттасады. 
Организмде созылмалы жұқпа ошақтары болғанда дәрілік 
аллергия жиі дамиды. Өйткені бұл кездерде: 
● ұзақ мерзім көптеген дәрілермен емдеу қажеттігі 
болады; 
● бүлінген шырышты қабықтар арқылы аллергендердің 
(дәрілердің) көптеп организмге енуі болады; 
● иммундық жүйенің белсенділігі жоғары болады; 
● 
организмнің 
табиғи 
қорғаныстық 
жүйелерінің 
(пропердиннің, комплементтің, лизоцимнің т.б.) деңгейі аз 
болады. Осыдан дәрілердің иммундық қабілетті жасушаларға 
өтіп кету мүмкіншілігі артады; 
● жұқпалар дәрілердің артығын ыдырататын және олардың 
сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін ағзаларға теріс ықпал 
етеді;. 
● жұқпалар Ig E артық түзілуіне, биологиялық белсенді 
заттардың тез босап шығуына және комплемент жүйесінің 
әсерленуіне қолайлы ықпал етеді. 
Осы себептерден өкпе туберкулезімен ауыратын адамдарда 
дәрілік аллергияның дамуы 8 есе жиі кездеседі. Бұндай 
жағдай ауру туындатқан себепкер ықпалдың арнайылығына 
және емдеу үшін көп дәрілер қолданылуына байланысты 
байқалады. 
Тыныстық 
вирустық 
жұқпалар 
тыныс 
алу 


76
жолдарының 
аллергенге 
өткізгіштігін 
көтереді, 
кеңірдекшелердің тегіс салалы еттерінің биологиялық 
белсенді заттарға сезімталдығын арттырады. 
Дәрілік аллергия дамуының жиілігі адамның жасына
жынысына, организмде нәруыздар түзілу және антидене 
өндірілу қарқынына байланысты. Ол 10-40 жас аралығындағы 
жастарда жиі кездеседі. Егде тертқан адамдарда ол 
салыстырмалы түрде біршама сирейді. 
Қазіргі 
адамдардың 
көптеген 
химиялық 
заттармен 
(аллергендермен) жанасуы дерттік арнайы реактивтілік 
қалыптастырады.
Дәрілік аллергиялардың ауырлық дәрежесі мен даму 
жылдамдығы организмге дәрінің енгізілу жолына байланысты 
болады. 
Олар 
дәріні 
ішек-қарын 
жолдарынан 
тыс 
(көктамырға, бұлшықет ішіне, тері астына және деммен) 
егізгенде жиі дамиды. Дәріні ішу арқылы қабылдағанда 
аллергия біршама жеңілірек өтеді.
Жаңа туған нәрестелерде биологиялық тосқауылдардың 
антигенге өткізгіштігі жоғары болғандықтан дәрілерді 
теріге 
жағу, 
қосымша 
тағамдарға 
қоспалар 
ретінде 
қолданылу организмнің оларға сезімталдығын көтеріп, 
артынан сол дәрілерге аллергия дамуына әкелуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет