Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет67/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Дәріге тұрақтылық. 
Дәріге организмнің тұрақтылығы – деп оның емдік 
қасиеті, организмге қауіпті, зиянды әсерлерге әкелетін, 
үлкен 
дозалардан 
болғанда 
ғана 
айтады.Ол 
дәріге 
тұрақтылық 
емес, 
организмнің 
дәріге 
даралық 
сезімталдығының төмендеуінен дамиды. Сол себептен дәріге 
тұрақтылық 
негізінен 
ауру 
туындатқан 
микробтарға 
(бактерияларға) қатысты айтылады. 
Микробтардың дәріге тұрақтылығы - 
антибиотиктердің 
немесе басқа микроб жойғыш дәрілердің көп мөлшерлеріне 
қарамай бактериялардың тіршілігін тоқтатпай, сақтап қалу 
қабілеті. 
Ол, 
қарапайым 
жәндіктер 
мен 
майда 
саңырауқұлақтарға қарағанда, бактерияларда жиі байқалады. 
Ал вирустардың антибиотиктер мен басқа химиотерапиялық 
заттарға сезімталдығы болмайды. 
Микробтардың өздерінің тектік құралдарының құрылымы 
мен қызметтерін өзгертіп, антибиотиктерге, химиялық 
заттарға және фагоцитозға төзімді бола алатыны бүгінгі 
күні кеңінен дәлелденді. Дәрілерге олардың тұрақтылығы 
гендік құралдарының өз беттерінше немесе белгілі бір 
түрткілерден кейін өзгерістерге (мутацияға) ұшырауынан
немесе бактерияларға қарсы дәрілерді ыдыратып жіберетін 
ферменттер түзіп шығару қабілетіне байланысты дамиды. 
Қоршаған 
ортаның 
өзгерістері, 
оған 
бейімделуге 
бағытталған, микробтардың да зат алмасуларын өзгертеді. 
Пайда болған өзгерістер, оларды өзгерткен ықпал жоғалған 
соң да, бірнеше микробтардың буындарында сақталып қалады. 
Содан көптеген антибактериялық дәрілерге микробтардың 
төзімділігі байқалады. Осындай жағдай бүгінгі күні 
туберкулездің микобактерияларында өте жиі кездеседі. Ол 
мына себептерден дамуы мүмкін: 
● 
науқастардың 
тұрақты 
түрде 
дәрі-дәрмектермен 
қамтамасыз етілмеуінен; 
● науқас адамдардың дәрілерді ұдайы қабылдамауынан
● 
медицина 
қызметкерлерінің 
дәріні 
дұрыс 
тағайындамауынан немесе оны қабылдауды бақыламауынан; 
● 
туберкулез 
микобактерияларының 
дәріге 
төзімді 
түрлерін бөліп шығаратын науқастармен сау адамдардың 
тығыз қарым-қатынастарда болуынан. Осылардың нәтижесінде 
көп дәрілерге төзімді туберкулез дамиды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет