206
айтады. Ол мына жағдайларда байқалады:
● қалқанша серік бездерінің гипофункциясы кезінде;
● кальцитонин өндіріліп шығарылуы күшейгенде;
● ашішек арқылы (созылмалы энтериттер, мальабсорбция
синдромы кездерінде) кальцийдің сіңірілуі азаюы кезінде;
● Д гиповитаминозы кезінде кальцийдің ішектерде
сіңірілуі
төмендейді;
● өт ішекке түспеуі (ахолия) кезінде Д-витамині
сіңірілмейді
және
тағамдық
заттардың
ферменттермен
ыдыратылуы бұзылады;
● созылмалы теңгерілмеген алкалоз кезінде кальцийдің
қан нәруыздарымен байланысуы және оның жасуша аралық
сұйықтарға ауысуы артады;
● гипомагниемия кезінде
паратгормонның өндірілуі
тежеледі, сүйектерге бұл гормон мен Д-витаминінің
ықпалдары әлсірейді.
Гипокальциемияның көріністері:
●
тұрақты гипокальциемия жүйкелік-еттік қозымдылықтың
көтерілуіне және сіңірлердің тартылып құрысуына әкеледі.
Осыдан аяқ басының, қол ұштарының, көмейдің, беттің т.б.
бұлшықеттерінің сіңірлері тартылады.
Осындай жағдайды
тетания
дейді. Оның жеңіл дәрежелерінде жасырын тетания
байқалады. Ол иықтың бұлшықеттерін қолмен қысқанда
саусақтардың сіңірі тартылып қалуы «
акушердің қолы
»
(Труссо әйгіленімі), бет жүйкелерінің өтетін аймағын
балғамен тықылдатқанда бет еттерінің тартылып қалуы
(Хвостек әйгіленімі) т.б. түрлерінде көрінеді;
●
кейбір дене мүшелерінің
ұйып қалу сезімі байқалады.
Бұл келтірілгендерді кальций
иондарының калий иондарына
қарама-қайшылығымен түсіндіруге болады. Гипокальциемия
кезінде гиперкалиемия пайда болады. Калий жүйкелік
серпіндердің түйіспелер арқылы өтуін күшейтеді. Жасуша
сыртындағы
сұйықта
кальций
азайғанда
биологиялық
мембраналардың калий иондарына өткізгіштігі жоғарылайды.
Соның
нәтижесінде
қалыпты
мембраналық
потенциал
төмендейді
де,
бұлшықеттердің
қозу
шегі
азайып,
қозымдылығы көтерілуден, олардың ешбір сыртқы әсерсіз
немесе әлсіз әсерлерден жиырылуынан тырыспа (тетания)
дамиды. Тырыспа дамуын алкалоз,
гипомагниемия мен
гиперкалиемия
өршітеді.
Кейде
бронхоспазм
және
ларингоспазм байқалады. Содан тыныс алудың тарылуы
болады.
ЭКГ-да
Q-T
аралығы
ұзарып,
миокардтың
реполяризациясы бұзылады, жүрек ырғағының бұзылыстары
байқалуы мүмкін. Бұл кезде ішек-қарын жолдарының қимылдық
әрекеттері бұзылудан жұтынудың бұзылуы, пилороспазмның
207
нәтижесінде құсу,
іштің бұрап ауыруы, іш қату т.с.с.
әйгіленімдер байқалады;
Кальций
жетіспеушілігі
кезінде
нейрондардың
да
қозымдылығы жоғарылайды.
●
қан ұюының бұзылыстарынан қанағыштыққа бейімділік
байқалады;
● әртүрлі тіндерде нәрсізденудің белгілері пайда
болады. Осыдан тіс кіреукесі мен қатты тіндерде кальций
азаюдан
тістердің
бүлінуі,
тырнақтардың
семуі,
сынғыштығы, кедір-бұдырлығы,
терінің құрғауы, шаштың
сынғыштығы және көз бұршағының бұлынғырлануы т.с.с.
әйгіленімдер
көрінеді.
Бұлар
кальций
алмасуының
бұзылыстарынан дамиды. Сонымен бірге гипокальциемияның
нәтижесінде артқы гипофиздің гормондары, катехоламиндер
және инсулин өндірілуі тежеледі.
Гипокальциемияның көріністері маскүнем адамдарда ауыр
түрлерде
байқалады, өйткені бұл кезде кальций нәруызбен
байланысқан жағдайда болады, яғни кальцийдің иондалған
белсенді түрінің мөлшері азаяды.
Гипокальциемия пайда болған кезде Педжет ауруы дамуы
мүмкін. Осы ауру кезінде сүйектерде құрылымдық өзгерістер
болады.
Достарыңызбен бөлісу: