274
сақтандырады.
Бірақ
өкпеде
газдардың
алмасуы
бұзылғандықтан жүрек
етінің гипоксиясы дамып, оның
жиырылғыштық қызметі әлсірейді, артериялық қысым қатты
төмендейді, коллапс дамиды. Кіші қанайналым шеңбері
тамырларында эмбол тұрып қалғанда,
өкпе артериолаларының
рефлекстік жиырылуы болады, өкпе артерияларында қан қысымы
көтеріледі. Бұл өз алдына оң жақ жүректің қызметін
ауырлатады, қуыс т. б. ірі көктамырларда қанның іркілуіне
және оларда қан қысымы көтерілуіне әкеледі.
Осыдан оң қарыншаның тез дамитын жеткіліксіздігі,
жүрекке ағып келетін қан көлемі және жүрек шығарымы
азаяды, организмнің өліміне
әкелетін жалпы қанайналым
жеткіліксіздігі
дамиды.
Сонымен,
кіші
қан
айналым
шеңберінде эмболия болғанда өкпеде ауа алмасу және онда
қан айналым бұзылғандықтан тыныстық гипоксия дамиды. Оған
организмде жалпы қан айналым бұзылуынан циркуляциялық
гипоксия қосылады. Осыдан келіп қанда оттегі азайып, көмір
қышқыл газы көбейеді, ентік дамиды.
Үлкен қанайналым шеңберінің эмболиясына сол жүрек
ішіндегі
(тромбэндокардит,
миокард
инфаркты)
және
артериялардың ішінде құрылған тромбтар,
газ немесе май
эмболиялары
жиі
әкеледі.
Бұл
эмболдар
жүрек
артерияларында, ми, бүйрек, көкбауыр т. б. ағзалардың
тамырларында жиі орналасады. Содан осы ағзаларда ишемия,
инфаркт дамиды.
Қақпалық көктамырдың эмболиясы сирек кездеседі. Бұл
көктамырдың эмболмен бітелуі іш қуысы ағзалары (асқазан,
ішектер, көкбауыр) тамырларында қан іркілуіне, қан
қысымының көтерілуіне әкеледі. Осыдан іш шемені, іш
терісінің
астындагы көктамырлардың кеңуі, көкбауырдың
ұлғаюы байқалады. Көп қан, мөлшермен бар қанның 90%-ы іш
қуысы ағзаларының көктамырларында жиналып қалуынан, жалпы
айналымдағы
қан
көлемі
азаяды,
артериялық
қысым
төмендейді, тыныс алу бұзылады,
естен тану, тыныстық және
қантамырларының
қимылдық
орталықтарының
салдануы
байқалады, осыдан организмнің жан тапсыруы болады.