Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет247/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Қан 
араласқан 
(геморагиялық) 
жалқық

қан 
тамырларының тіректік мембраналарында ауыр бүліністер 
болғанда пайда болады. Жалқықтың құрамында эритроциттер 
көп болады. Осындай жағдай тұмаудың нәтижесінде пневмония 
дамуы, күйдіргі ауруы кездерінде байқалады. 
● 
Фибринді жалқық
- қабыну ошағында қан тамырлары 
қабырғаларының өткізгіштігі тым қатты көтеріліп кеткенде, 
тамыр сыртына фибриноген артық шығуынан пайда болады. Ол 
бүлінген тінмен жанасудан фибринге айналады. Бұндай 
жағдай күл ауруы және сатқақ ауруы (дизентерия) 
кездерінде байқалады. 
● 
Шірік жалқық
– ауасыз (оттегісіз) жерде өсетін 
бактериялардың 
әсерлерінен 
болады. 
Мәселен, 
қалың 
бұлшықет ішіне оқпен анаэробтық жұқпа түсуінен газдық 
гангрена дамуы шірік жалқық дамытады. 
● 
Араласқан жалқық
– келтірілген жалқық түрлерінің 
бірнешеуінің арала- суынан болады. 
Эксудацияның маңызы. 
Қабыну ошағына қан сұйығы мен нәруыздарының және 
лейкоциттердің шығуының жағымды және жағымсыз жақтары 
болады. 
Жағымды жақтары: 
♣ қабыну ошағындағы микроб уыттарын т.б. зиянды 
заттарды сұйылтады; 
♣ қан нәруыздарымен шығарылған антиденелер мен 
ферменттер микробтарды және олардың уыттарын ыдыратады; 


299
♣ лейкоциттер бактерияларды фагоциттейді
♣ қабынудан пайда болған уытты өнімдер денеге тарап 
кетпей, қабыну ошағында ұсталып тұрады. 
Жағымсыз жақтары: 
♣ қабыну ошағына шыққан сұйық қан тамырларын қысып
тіндердің оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз 
етілуін бұзады; 
♣ қабынулық жалқық сезімтал жүйке аяқшаларын қысып
ауыру сезімін туындатады; 
♣ іріңді жалқық айналасындағы сау тіндерді ыдыратып 
жібереді; 
♣ тұйық кеңістіктерде орналасқан қабынулық жалқық 
организмге уытты әсер етеді
♣ қабынған ағзаның қызметін бұзады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет