Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет277/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Аутоиммундық үрдістер. 
Аутоиммундық үрдістер – деп организмнің өзінің меншік 
тіндеріне иммундық жауап қайтаратын және аутоантигендері 
бар тін жасушаларының бүліністеріне әкелетін дерттік 
үрдістерді айтады. 
Қалыпты 
жағдайларда 
организмнің 
өзінің 
меншік 
тіндеріне қарсы иммундық жауап болмайды. Былайша айтқанда 
адамның өзінің тіндеріне иммундық шыдамдылық (толеранттық) 
болады. Егер Т-жасушаларының қатысуымен дамитын иммундық 
тежелу болмаса, онда аутоиммундық бүліністер дамиды. 
Организмде аутоантиденелердің немесе өз тіндерімен 
әрекеттесетін сезімталдағы көтерілген Т-лимфоциттердің 
болуы әлі өз беттерінше дерт дамуына әкелмейді. Дені сау 
адамдардың қанында аз мөлшерде аутоантиденелер болады. 
Оларды: табиғи немесе физиологиялық антиденелер, «куәгер» 
антиденелер және дерттік немесе озбыр антиденелер – деп үш 
топқа бөледі. Бұлардың ішіндегі ең көбірегі табиғи 
антиденелер. Олар аутоантигендермен әрекеттескенде адамның 
меншік 
тіндерінің 
бүліністеріне 
әкелмейді. 
«Куәгер» 
антиденелер тіндердің кездейсоқ бүліністерінде пайда 
болған аутоантигендерге иммундық жады ретінде болады. Ал, 
дерттік антиденелер аутоантигендермен байланысуларынан 
меншік 
тіндердің 
бүліністері 
пайда 
болады. 
Табиғи 
антиденелердің 
мөлшері 
жас 
ұлғаюына 
байланысты
көбейеді.Олар организмде тасымалдық немесе гомеостаздық 
қызметтер атқарады. Аутоиммундық дерттер дамуы үшін өз 
тіндеріне бүліндіргіш әсер ететін аутоантиденелердің және 
цитотоксиндік Т-лимфоциттерінің белсенділігі артуы қажет.
Аутоиммундық дерттер дамуына әкелетін жағдайларға: 
● созылмалы вирустық т.б. жұқпалар;
● тіндердің антигендеріне ұқсас антигендері бар 
жұқпалардың қоздырғыштарының организмге енуі (мәселен, 
стрептококктардың 
күрделі 
қанттарына 
қарсы 
түзілген 
антиденелер 
адам 
ағзасы 
тіндерінің 
жасушаларындағы 
гликопротеидтермен әрекетесе алады); 
● иммундық жүйенің маңызды құрылымдары мен реттеуші 
молекулаларының туа біткен немесе (қоршаған ортаның 
әртүрлі химиялық заттармен ластанулары, дәрі-дәрмектерді 
қалай болса солай бақылаусыз қабылдау т.с.с. жағдайларда 
кездесетін) жүре пайда болған ақаулары


335
● қарттық кезең – жатады. 
Аутоиммундық 
дерттердің 
қалыптасуы 
әдетте 
тұқым 
қуалаушылықпен 
байланысты 
болады. 
Бұл 
аурулар 
тін 
үйлесімділігінің үлкен кешенінің белгілі аллельдерімен 
байланысып дамиды. Аутоиммундық дерттер өз беттерінше 
дамуына әкелетін белгілі гендердің мутациясы бар ақ 
тышқандардың таза тектік буындары сұрыпталып шығарылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет