523
● ауыр уыттанулар;
● қатты ишемия;
● жайылған кардиосклероз т.б. – есептеледі.
Осылардың нәтижесінде жүректің өткізгіш жүйесінің
әртүрлі
бөліктерінде
немесе
Пуркиние
талшықтарының
тармақталу аяқшаларында жүйкелік серпіндердің өткізілуі
бұзылады. Содан жүрек ет жасушаларының мембраналарында
серпін туындату қабілеті немесе деполяризация бұзылмай,
жасушалардың жиырылу қасиеті бұзылады. Осыдан қозу мен
жүрек
жиырылу
жиіліктерінің
арасында
сәйкессіздік
байқалады. Әрбір қозу жиырылумен ұласпайды.
Әлтернация.
Бүлінген миокардта бір жүйкелік серпінге
барлық ет талшықтары қозып жиырылады, ал келесі серпінге
тек олардың жартысы ғана жауап қайтарады. Сондықтан әрекет
ету потенциалы мен жиырылудың тербелу ауқымы әркелкі
болады. Былайша айтқанда бір серпінге дұрыс ауқымды
жиырылу болса, екінші серпінге әлсіз жиырылу болады.
Достарыңызбен бөлісу: