Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


●  Паркинсонизмді емдейтін дәрілер;  ●



Pdf көрінісі
бет45/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

● 
Паркинсонизмді емдейтін дәрілер
● 
лизергин
 
қышқылының өнімдері – жатады. 
Бұларды ұзақ бақылаусыз қабылдағанда физикалық 
тәуелділік дамиды. 
Транквилизаторлар 
көңіл қобалжуларын, үрей, қорқыныш 
сезімдерін 
басатын 
дәрілер. 
Клиникаларда 
мепротан 
(мепробамат), сибазон (седуксен), хлорезид (элениум), 
триоксазин, 
нитрозепам, 
фенозепам 
т.б. 
кеңінен 
қолданылады. 
Бұларды 
ұзақ 
бақылаусыз 
қабылдаудан 
тәуелділік 
синдромы, 
қабылдауды 
тоқтатқанда 
доғару 
синдромына ұқсас жағдай дамиды. Бұл кезде орынсыз 
қобалжу, мазасыздану, қорқыныш, үрей сезімі, ұйқы қашу 
және кейбір дербес (вегетативтік) бұзылыстар байқалады. 
Осыдан оларды қайталап және көбірек өлшемдерде қабылдауға 
мәжбүрлік пайда болады. 
Антидепрессанттар
адамның 
көңіл-күйі 
тұнжырауын 
жоятын, тұнжырау синдромымен ауыратын адамдардың көңілін 
көтеретін дәрілер. Бұларды ұзақ қабылдағанда оларды 
қабылдауға дағдылану және рухани тәуелділік байқалмайды. 
Бірақ оларды кенеттен тоқтатқанда әртүрлі вегетативтік 
бұзылыстармен көрінетін физикалық тәуелділік дамиды. Сол 
себепті оларды қайта қабылдауға мәжбүрлік туындайды. 
Психостимуляторлар
шаршағандық сезімді жоятын, көңіл-
күйді сергітетін, адамның қол және ой жұмысын атқаруға 
қабілетін арттыратын дәрілер. Оларға фенамин (амфетамин), 
меридил, кофеин т.б. жатады. Бақылаусыз ұзақ, әсіресе 
фенаминді, қабылдағанда тез арада тәуелділік синдромы 
және артынан бұл дәріге организмнің төзімділігі дамиды. 
Өз алдына бұл дәрілерді көп мөлшерлерде қабылдаудан 


58
психоздар дамып, әртүрлі сандырақтар, көру және есту 
елестері 
пайда 
болады. 
«Экстази» 
таблеткаларын 
қабылдаудан фенаминдік нашақорлық біршама жиілейді. Бұл 
жан-дүниені сергітетін дәрілер серотонинге және дофаминге 
жауап қайтаратын жүйелерге күшті әсер етіп, артынан 
оларды бүлдіреді, ауыр тұнжыраулық бұзылыстарға әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет