Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет450/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Талықсу 
қысқа мерзімде естен танумен көрінетін қан 
тамырлары 
қызметінің 
қауырт 
жеткіліксіздігі. 
Қатты 
қорқыныштан, ауыру сезімдерін күтуден көңіл-күйінің қатты 
қобалжуыңан кезбе жүйкенің межеқуаты көтеріліп, адам талып 
қалуы мүмкін. Артериялық қан тамырларының межеқуаты 
төмендеп кетуінен, айналымдағы қан дененің төменгі 
бөліктеріне ауысып, оның миға келуі азаяды. Осыдан мида 
ишемия дамып, адам есінен танады. Бұндай жағдай кейде дені 
сау адамдарда да кездесуі мүмкін. Талықсып кеткен адамға 
мүсәтір иіскетіп, есіне келтіруге болады. Бұл кезбе 
жүйкенің межеқуатын қалпына келтіреді. 
Созылмалы гипотензия
көптеген аурулардың әйгіленімі 
ретінде байқалады. Туа біткен немесе жүре пайда болған 
журек қақпақшаларының кемістіктері, кардиомиопатиялар, 
гепатит, микседема, Аддисон ауруы, бауырлық немесе
механикалық сарғыштанулар, лейкоз, анемиялар, организмнің 
уыттануы, ұзақ ашығулар т. б. созылмалы гипотензия дамуына 
әкеледі.
Гипотензиялардың даму патогенезінде: 
● жүректің жиырылу қабілетінің әлсіреуі; 
● айналымдағы қан көлемінің азаюы; 
● шеткері қан тамырлары межеқуатының жүйкелік-сұйықтық 
және өзіндік реттелулерінің бұзылыстары маңызы орын алады 



539
Атеросклероз
Атеросклероз 
(грек. athero - ботқа, лат. scleros - 
қатты, беріш) 
- деп артериялардың ірі және орташа 
тармақтарының ішкі (интима), ортаңғы (медиа) қабықтарында 
В апопротеині (апо-В) бар липопротеидтер мен холестериннің 
жиналуынан, дәнекер тіндердің артық өсіп-өнуі, фиброздық 
түйіндер қалыптасуы мен оларға кальций тұздарының тұнуын 
айтады.
Атеросклерозға қолқа, жүрек, ми және аяқтардың 
артериялары жиі ұшырайды. Содан артериялық тамырлар 
өздерінің серпімділігін жоғалтады. Созылғыштық қасиетінің 
төмендеуінен олар, ағзалар мен тіндерді мұқтаждығына 
сәйкес қанмен қамтамасыз ете алмайды. 
Қатты дамыған атеросклероз артериялардың саңылауларын 
тарылтады және толық бітеп қалуы мүмкін. Осыдан ағзалар 
мен тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі қатты бұзылады, 
жүректе инфаркт дамуы, мидың қызметі бұзылуы байқалады. 
Сонымен бірге фиброздық түйіндердің ыдырауынан тромбоз 
және 
эмболия, 
қолқаның 
аневризмасы, 
шеткері 
қан 
тамырларының бүліністері, аяқта гангрена т. б. құбылыстар 
дамуы ықтимал. 
Тіпті 
аз 
мөлшерде 
атеросклерозға 
ұшыраған 
артериялардың 
жиырылу 
туындататын 
(норадреналин, 
ангиотензин, вазопрессин т.с.с.) заттарға сезімталдығы 
қатты 
көтеріледі. 
Сол 
себептен 
әртүрлі 
ауыртпалық 
жағдайларда ағзаның (жүректің, мидың) ишемиясына әкелуі 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет