Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет451/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Этиологиясы
Атеросклероз дамуына көптеген эндогендік 
және экзогендік қауіп-қатерлі ықпалдар әкеледі.
Эндогендік ықпалдар

● тұқым қуалаушылыққа бейімділік; 
● адамның егде тартқан жас мөлшері мен жынысы; 
● жан-дүниелік күйзелістер, жағымсыз көңіл-күйлер, 
эмоциалық ауыртпалықтар; 
● гиподинамия; 
● семіру; 
● артериялық гипертензия (әсіресе 50 жастан асқан 
адамдарда); 
● қантты диабет (әсіресе инсулинге тәуелсіз 2-түрі); 
● гиперинсулинизм; 
● гипергомоцистеинемия дамуы - атеросклероз дамуында 
маңызды орын алады. 
Экзогендік ықпалдарға: 
● қоршаған орта ықпалдары; 
● шылым шегу; 
● жұқпалар мен вирустар; т.б. жатады. 
Тұқым қуалаушылықтың маңызы. 
Атеросклероз дамуында 


540
белгілі ферменттер жүйесінің гендік ерекшеліктері маңызды. 
Мәселен, тамыр қабырғаларының ферменттік белсенділігі 
жоғары 
болатын 
жануарларда 
(егеуқұйрықтарда) 
эксперименттік атеросклерозды алу өте қиын болады. 
Керісінше, тамыр қабырғаларының ферменттік белсенділігі 
төмен 
жануарларда 
(қояндарда) 
атеросклероздың 
эксперименттік үлгісін алу жеңіл болып келеді. 
Кейбір отбасылары адамдарының қанында холестериннің 
деңгейі тым жоғары болады. Бұндай дертті отбасылық 
ксантоматоз 
деп 
атайды 
және 
оның 
даму 
негізінде 
холестериннің алмасуын реттейтін ферменттердің гендік 
ақаулары жатады. Бұл дерт кезінде отбасы адамдарының 
барлығында, 
жас 
балаларына 
дейін, 
қарқынды 
ауыр 
атеросклероз дамиды. Бұндай отбасыларында тіпті жаңа туған 
нәрестелерде миокард инфаркты дамуы және 8-12 жасар 
балалар осы дерттен жан тапсырады. 1980 ж. Жапон мал 
дәрігері 

Watanabe 
адамның 
туа 
біткен 
гиперлипопротеидемиясына 
ұқсас 
қанында 
тектік 
гиперлипидемия болатын қояндардың тегі таза (асыл тұқымды) 
буынын өсіріп шығарды. Төмен тығыздықты липопротеидтерге 
(ТТЛП-ге) жасушаларында арнайы рецепторлары болмайтын 
гомозиготты қояндардың қанында жалпы холестериннің деңгейі 
13 ммоль/л-ден (500 мг/дл) артып кетеді (қалыпты жағдайда 
ол 1,0-1,6 ммоль/л (40-ббмг/дл). Бұл жануарларда бірінші 
айлардың ішінде ауыр атеросклероз дамитыны байқалды.
Дегенмен атеросклероз дамуында тұқым қуалаушылықтың 
маңызын асыра сілтеп бағалауға болмайды. Тұқым қуалушылық 
ерекшеліктер адамзаттың бұрынғы ата-бабаларында да болғаны 
күмәнсіз. Бірақ атеросклероз XX ғасырда жиілеп кетуін 
тұқым қуалаушылық ерекшеліктерімен түсіндіруге келмейді. 
Эпидемологиялық зерттеулер бойынша атеросклероз кейбір 
мемлекеттердің (Жапония, Қытай, Африка) тұрғындарының 
арасында сирек кездесетіні белгілі. Бұл деректі ұлттық, 
нәсілдіқ ерекшеліктермен түсіндіруге болар еді. Бірақ осы 
мемлекеттерден АҚШ-қа көшіп барған адамдарда атеросклероз 
дамуы тездеп, жергілікті халықтармен бірдей деңгейге 
көтерілетіні байқалды. Бұл дерек атеросклероз дамуында 
адамды қоршаған орта ықпалдарының маңызы зор екендігін 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет