650
үйлесімділікктің қатты бұзылыстары байқалады. Сутегі
иондары
несепке
шығарылмауынан
аммоний
иондарының
өндірілуі қатты азаяды, гидрокарбонаттардың кері сіңірілуі
бұзылады. Осыдан қанда сілтілік мүмкіншіліктер азайып,
ацидоз дамиды. Сутегі иондары,
зәрге шығарылмай, нефрон
өзекшелерінің эпителий жасушаларында жиналып қалуынан
түтіктік ацидоз дамиды. Бұл кезде сутегі иондарының
секрециясы бұзылыстарының себептері мен даму жолдары әлі
толық анықталған жоқ.
Жорамал бойынша, ол бүйрек тінінде
тотығу-тотықсыздану
ферменттерінің
және
нефрон
өзекшелерінде
глутаминаза
ферментінің
белсенділігі
бұзылыстарынан дамиды – деп есептеледі.
Түтіктік ацидоз шеткері өзекшелердің (дисталдық) және
бастапқы
өзекшелердің
(проксималдық)
болып
екіге
ажыратылады.
Дисталдық түтіктік ацидоз дамуында аммоний тұздарының
және қышқыл өнімдердің несеппен сыртқа шығарылуы азаюына
әкелетін шеткері өзекшелерде сутегі иондары секрециясының
бұзылыстары жатады. Бұл ацидоздың тұқым қуатын және жүре
пайда
болған
түрлері
белгілі.
Соңғылары
гипергаммаглобулинемия,
созылмалы белсенді гепатит, несеп
жолдарының бітеліп қалуы, біріншілік гиперпаратиреоидизм
кездерінде байқалады. Дисталдық түтіктік ацидоз кезінде
қанда қышқыл өнімдердің жиналуынан сүйектен
кальций босап,
оның бүйректе жиналуына, несеп-тас ауруы дамуына әкелуі
ықтимал.
Проксималдық түтіктік ацидоз нефрон өзекшелерінде
гидрокарбонаттардың кері сіңірілуі бұзылыстарьшан дамиды.
Ол туа біткен (Вилсон ауруы, цистиноз) және жүре пайда
болған болып (амилоидоз, көптеген миеломалар т.б.)
ажыратылады.
Проксималдық
түтіктік
ацидоз
Фанкони
синдромында кездеседі. Бұл кезде
нефрокальциноз бен несеп-
тас ауруы дамымайды.
Зөр
қышқылдарының
секрециясы
бұзылуы
қанда
зәр
қышқылдарының (әдетте 0,1-0,4 ммоль/л) және олардың
тұздарының көбеюіне (гиперурикемия), бүйректік подагра
дамуына әкеледі. Ол тұқым қуатын ауру және ұрпақтан
ұрпаққа аутосомды-үстем түрде беріледі.
Кейбір дәрілердің (пенициллин) бүйрек өзекшелерінде
секрециясы бұзылуынан олардың
организмде ұзақ сақталып
қалуынан улы әсерлері байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: