665
● реттеуші зат болып, зат алмасу өнімдері, кейбір
электролиттер
есептеледі.
Мәселен,,
қанда
глюкоза
көбейгенде инсулиннің өндірілуі артады, Са
2+
иондары
азайғанда қалқаншасерік бездерінің гормоны өндірілуі
көбейеді. Натрий мен калий әлдостерон өндірілуін реттейді.
Бұл жағдайларда бездің белсенділігі реттеуші заттардың
мөлшерімен анықталады.
Эндокриндік жүйенің кері байланыс заңдылықтарын білу,
олардың бұзылыстарын ажырату үшін өте қажет. Мәселен,
қантты диабетпен ауыратын екі науқас адамды тексергенде
біреуінің қанында инсулин мен глюкозаның мөлшері көбеюі,
екіншісінде тек глюкозаның деңгейі көбейіп, инсулин
қалыпты мөлшерде болуы мүмкін. Бұл екі жағдайда да қанда
глюкозаның көбеюі инсулиннің жетіспеушілігін көрсетеді.
Бірақ, біріншісінде инсулиннің өндірілуі бұзылмаған,
сондықтан
оның
шеткері
тіндердегі
әсері
тежелген
(инсулинге тәуелсіз диабет) деуге болады. Ал, екіншісінде
глюкоза
мөлшерінің
көбеюі
ұйқыбез
қызметінің
жеткіліксіздігінен деген тұжырымға әкеледі.
Кері
байланыс
заңдылығына
гормондармен
емдеу
кездерінде де баса назар аудару қажет. Бұл жағдайда
сырттан енгізілген гормон науқас адамның сәйкес безінің
қызметін тежейді және ұзақ енгізулердің нәтижесінде сол
бездің
семіп
қалуы
байқалады.
Бұл
туралы
кортикостероидтық, тиреоидтық, жыныстық т.б. гормондармен
емдегенде естен шығармау керек. Ол гормондар өте жиі және
ұзақ емдеу үшін қолданылады. Осының нәтижесінде бүйрек
үсті бездерінің сыртқы қабатында атрофия дамиды. Мұндай
жағдайды
Достарыңызбен бөлісу: