692
басқа химиялық заттармен (инсектицидтер, вератридин,
аконитин) тежелгенінде болады.
Сонымен бірге энергияның
тапшылығы бұл ферменттің
әлсіреуіне, жасуша мембранасының әсер ету потенциалын
туындату қабілетін жоғалтуына
және серпіндердің өткізілуі
бұзылуына әкеледі. Осындай әсерге динитрофенолмен т.б.
улармен улану, жүйке бөлшегінің ишемиясы, мұздауы т.с.с.
жағдайлар әкеледі.
Жүрек гликозидтері (уабаин, строфантин) үлкен мөлшерде
Na
+
,-K
+
-насосын
тежейді
және
жүйкелік
серпіндердің
өткізілуін бөгейді.
Солармен қатар, аксондардың бойымен жүйкелік серпіндер
өткізілуінің бұзылыстары жүйке
талшықтарының қабынуы
кезінде,
тыртықтанып
өзгергенінде,
сыртынан
қысылып
қалғанында, миелин қабығын жоғалтқанда (демиелизациясында)
(аллергиялық үрдістер, тараған склероз), күйіктік ауру
кездерінде байқалады. Жүйкелік серпіндердің өткізілуі
аксон бүліністерінде мүлде тоқталады (-сурет).
Миелинін жоғалтқан жүйке
бөлшектері өз беттерінше
немесе механикалық әсерлерден қосымша эктопиялық қозу
ошағына айналады. Қозу жүйке талшықтарымен
екі жаққа қарай
тарайды. ОЖЖ-де бұл қозу нейрондардың белсенділігі
көтерілуін туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: