661
өзекшелерінің аммонийгенездік қызметінің бұзылысгарынан
болуы мүмкін. Зәр қышқылы тұздарынан тұратын тастар қан
плазмасында
олардың деңгейі көтерілгенде, қан жасушалары
тым
артық
ыдырағанда,
бүйрек
қызметінің
жеткіліксіздігінде,
подагра
кездерінде
байқалады.
Тұздардың еруі азайып, тұнуынан тас байлануын түсіндіретін
қағида кристаллизациялық қағида делінеді.
Кальций
тұздары
нәруыздардан
тұратын
негіздерге
жиналады. Бұл негіздер мукопротеидтерден, пролиннен тұрады
және тас байлануында, кальций
тұздарының зәрде көбеюі
маңызды орын алады.
Кальций иондары мен лимон қышқылының арақатынасы 4:1
болғанда кальций еріген түрде болады. Бүйрекпен лимон
қышқылының шығарылуы бұзылғанда кальций тұнбаға ауысады.
Бүйректе тас байлануында:
● несеп жүру жолдарында жұқпалар болуының;
● оларда несеп іркілуінің;
● несеп ортасының рН төмендеуінің (қышқылдық жаққа
ығысуының) маңызы бар.
Сонымен бірге, ауыз судың сапасы, қоректену түрлерінің
де несеп-тас ауруы дамуына ықпалы зор.
Көкөністер мен
сүттен тұратын тағамдармен қоректенгенде зәрдің реакциясы
сілтілік жаққа, еттен тұратын тағамдармен қоректенгенде
қышқылдық жаққа қарай ығысатыны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: