Патофизиология (грекше Pathos – ауру, дерт, physis – табиғат, қызмет, logos - ғылым) – ауруға шалдыққан организмнің қызметі туралы ғылым.
Патофизиология аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Аурудың бастапқы кезеңін зерттеу (әйгіленімсіз кезең)
Аурудың емделмеген түрін зерттеу
Аурудың кез келген сатысында ішкі ағзалардың биохимиялық және морфологиялық өзгерістерін зерттеу
Емдеудің жаңа тәсілдерін өндеу және дәрілік заттарды сыңау
Адамдағы барлық ауруларды жануарларда үлгілеуге болмайды
Жаңуарлардың ауруы адам ауруынан ерекшелінеді (жанупрларда адам ауруын толық көлемінде алу мүмкін емес)
Нозология – ауру туралы жалпы ілім ( грекше nosus-ауру).
«Денсаулық– бұл аурудың немесе физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, психикалық және әлеуметтік толық сәттілік жағдай» БДСҰ.
«Ауру – әртүрлі зақымдаушы агенттің әсерінен қоршаған ортаға бейімделуінің шектелуімен және еңбекке қабілетінің төмендеуімен организмнің қалыпты өмірінің бұзылысы» И.Петров.