АЛЛЕРГИЯ – организмнің өз тіндерінің зақымдануымен қабаттасатын иммундық әсерленістер (В.И. Пыцкий) Аллергияның себептері – аллергендер. Аллергендердің жіктелуі (по А.Д. Адо):
Экзоаллергендер: тұрмыстық, тағамдық, дәрі-дәрмектік, жануар тектес, өсімдік тектес, өндірістік, микробтар, саңырауқұлақтар
Эндоаллергендер: біріншілік (табиғи), екіншілік (жүре пайда болған)
Аллергияның туындауына септесетін жағдайлар: әлеуметтік жайттар, организмнің ерекшелігі
Аллергиялық әсерленістердің жіктелуі:
Аллерген қайталап түскеннен соң серпілістердің пайда болу уақытына қарай (Р.Кук).
|
I.Аллергиялық әсерленістердің дереу түрі (дереу дамитын жоғары сезімталдық, ДДЖС)
|
Аллерген қайталап түскен соң 15-20 минөттен соң дамиды.
|
II. Аллергиялық әсерленістердің баяу түрі (баяу дамитын жоғары сезімталдық, БДЖС)
|
Аллерген қайталап түскен соң 24-48 сағаттан соң дамиды.
|
Патогенезіне қарай (П. Джелл және Р. Кумбс).
|
I. Аллергиялық әсерленістердің реагиндік (анафилаксиялық) түрі
|
Есекжем, поллиноз, Квинке ісінуі, атопиялық бронх демікпесі, анафилаксиялық сілейме.
|
II. Аллергиялық әсерленістердің цитотоксиндік түрі.
|
аутоиммундық гемолитиздік анемия, агранулоцитоз, тромбоцитопения, аутоиммундық гепатиттер, миокардиттер ж.б.
|
III. Аллергиялық әсерленістердің иммундық -кешендік түрі
|
Артюс феномені, гломерулонефрит, васкулиттер, альвеолиттер, жүйелі қызыл жегі ж.б.
|
IV. Жасушалар қатысуымен өтетін аллергиялық әсерленістер
|
Түйіспелі дерматит, жұқпалы-аллергиялық аурулар ( туберкулез, бруцеллез, сифилис, саңырауқұлақ аурулары)
|
Аллергиялық әсерленістердің патогенезі
Иммундық сатысы
Аллергенмен алғашқы кездескенде антиденелер немесе сезімталдығы жоғарылаған Т- лимфоциттердің (с-Тл) түзілуі (сенсибилизация)
Аллергенмен қайтадан кездескенде аллерген+антидене немесе аллерген+с-Тл кешендерінің түзілуі
II. Патохимиялық сатысы
Биологиялық бесенді заттардың – аллергиялық дәнекерлердің босауы, белсенділенуі, түзілуі
III. Патофизиологиялық сатысы (клиникалық көріністер сатысы)
Сенсибилизация – осы аллергенге организмнің жоғары сезімталдығының қалыптасуы, ол белгілі бір аллергенге арнайы антиденелердің немесе сезімталдығы жоғарылаған Т-лимфоциттердің түзілуімен сипатталады. Сенсибилизацияның клиникалық көрінісі болмайды. Сенсибилизация жағдайын аллергиялық сынамалар арқылы анықтауға болады.
Белсенді және енжар сенсибилизацияны ажыратады.
Белсенді сенсибилизация
|
Енжар сенсибилизация
|
Организмге аллерген түскен соң 10-14 күннен кейін дамиды
Организмнің иммундық жүйесі арнайы антидене мен сенсибилизацияланған Т-лимфоцит түзу үрдісіне белсенді қатысады
|
Дайын антиденесі бар сарысуды немесе сенсибилизацияланғанТ-лимфоциті бар жасушаларды енгізген соң дамиды.
Организмнің меншікті иммундық жүйесі антидене немесе сенсибилизацияланғанТ-лимфоциттер түзуге қатынаспайды
|
Достарыңызбен бөлісу: |