Созылмалы жарақаттық остеомиелитте температура көтерілуі және лейкоцитоз байқалады.
Жедел жарақаттық остеомиелитте анық ауру сезімі, жұмсақ тіндердің ісінуі, жоғарғы температура, нейтрофилдердің солға жылжуымен анық лейкоцитоз, үдемелі анемия байқалады.
Диагностикасы
Жедел остеомиелиттің ерте диагностикасы үшін тепловиденияны және радионуклидті әдісті қолдануға болады. Сцинтиграфия кезінде аурудың алғашқы 2-3 күнінде сүйектің зақымдалған бөлігінде радиофармацевтикалық препараттың гиперфиксациясы анықталады. Тепловизорді қолданған кезде алынған мәліметтер, ерте кезеңдерде сүйек пен оның айналасындағы жұмсақ тіндерде қабыну үрдісін орнатуды болдырады.
Жедел гематогенді остеомиелитті ревматизммен, сүйек туберкулезімен, гиф кезіндегі сүйек зақымдануымен және т.б. салыстыру керек.
Сүйектің жарақаттық зақымдануын анықтау үшін анамнез мәліметтері, интоксикация мен қабынудың жалпы белгілері, рентгендік, лабораториялық және т.б. мәліметтер көмектеседі.
Ревматизмде біршене буындардың зақымдануы болса, остеомиелит кезінде бір ғана буын зақымданады. Осиеомиелитте қабыну үрдісі метадиафизге дейін таралса, ал ревматизмде ол эпифизарлы бөлікпен шектеледі.
Емі
Жарақаттық остеомиелитте негізгі емі хирургиялық ем болып табылады. Сонымен қатар антибактериалды ем, физиотерапия қолданылады.
Оперативті ем: радикалды операциялар:
1) секвестрнекроэктомия
2) секвестрэктомия
3) остеомиелиттік флегмонаны ашу.
Секвестрэктомия үш кезеңнен тұрады :
А) остеомиелит ошағынан некротикалық тінді алу.
Б) секвестрлі бөліктің склерозданған жерін сүйектің қан тамырлы қабатына дейін тазлау қажет.
В) сүйек кемігі өзегін жоғарғы және төменгі жағынан ашу.
Қорытынды
Жарақаттық остеомиелит дамуы патогенді микробтың, яғни алтын стафилакоктың сүйек кемігіне түсуінен болады. Ауру ағымы ауыр түрде өтеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Юмашев Г.С., Епифанов В.А. Оперативная травматология и реабилитация больных с повреждением опорно-двигательного аппарата. М.: Медицина, 1983 г.
Зацепин С.Т. Костная патология взрослых. М.: Медицина, 2001 г.
Травматология и ортопедия. Под ред. Корнилова Н.В. СПб.: Гиппократ, 2001 г.
Травматология. Учебник для пред- и последипломной подготовки. Краснов А.Ф., Мирошниченко В.Ф., Котельников Г.П. М., 1995 г.
Травматология и ортопедия. Под ред. Мусалатова Х.А., Юмашева Г.С. М.: Медицина, 1995 г.
Мюллер М.Е., Алльговер М., Шнейдер Р., Виллингер Х. Руководство по внутреннему остеосинтезу. М.: Ad Marginem, 1996 г.
Рейнберг С.А. Рентгенодиагностика заболеваний костей и суставов. М.: Медицина, 1964 г.