Патологиялық анатомия



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата06.02.2022
өлшемі299,9 Kb.
#81841
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Патанатомия и патофизиология

Патологиялық
 
физиология

-гректің pathos (ауру, дерт, кесел), physis-(функция, қызмет), logos-(uiiM,
үғым) деген сөздерінен қүралған. Дерттану физиологиясы деген ұғымды білдіреді.
Сонда патологиялық физиология ауру организмнің физиологиясы деген үғым. Қалыпты
физиология cay организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін болса, патологиялық
физиология ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын тексереді. Атап айтқанда,
патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің жэне түтас
организмнің қалыптан тыс өзгерулерінің ең жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Сонымен патологиялық физиологиялық дегеніміз дерттік үрдістердің пайда болу
себептері, даму жолдары мен салдарлары туралы ілім. 
● Патологиялық анатомия – ғылымиөтəжірибелік пəн бола тұра ғылыми түрде,
көбінесе микроскопия əдісі арқылы арқылы тіндер мен жасушаларда дамитын
өзгерістерді анықтап патологиялық процестер мен ауруларды зерттейді.
● Жалпы патологиялық анатомия – аурулардың негізіндегі типтік патологиялық
процестерді зерттейді. Патологиялық анатомияның жеке бөлімі белгілі
аурулардың себептерін, морфологиялық көріністерін, асқынуларын жəне
нəтижелерін анықтайды. 
● Объектілері: мəйіттік материал; ауру адамның тірілігінде алынған материалдар;
эксперименттік материалдар. 
● Материалдарды зерттеу əдістері: макроскопиялық, микроскопиялық. 
● Зақымдану – ол ағза қызметінің бұзылыстарына алып баратын жасушалардың,
жасуша аралықтары затының ялде тіндердің өзгерістеру. Зақымданудың
морфологиялық көріністеріне жататын процестер: дистрофия, некроз жəне
апоптоз. 


● Дистрофия

организмдегі
зат
алмасу
процестерінің
(метаболизмнің)
бұзылыстарын
көрсететін
патологиялық
процесс.
Даму
механизмдері:
инфильтрация, бұрмаланған синтез, трансформация жəне декомпозиция. 
● Тіндердің зақымданған құрылымдарына қарай дистрофиялардың келесі
түрлерін ажыратады: 
ü


Паренхималық (жасушалық) 
ü


Строма-тамырлақ (мезенхималдық) 
ü


Аралас 
● Алмасуы бұзылған заттың түріне қарай бөлінеді: 
ü


Ақуыздық (диспротеиноздар) 
ü


Майлы (липидоздар) 
ü


Көмірсулы 
ü


Минералды 
·

Паренхималық дитстрофияларға жатады: гиалинді-тамшылы; гидропиялық,
мүйізгектік. Паренхималық ақуыздық жəне майлы дистрофия миокардта, бауырда,
бүйректерде
кездеседі.
Паренхималық
көмірсулы
дистрофия
гликоген
əлде
глюкопротеидтер алмасуының бұзылыстарына байланысты. 

Патологиялық физиология жалпы биологиялық ғылымдармен тікелей байланысты 


жэне олардың, эсіресе қалыпты физиология мен биохимия пəндерінің, негіздеріне 
сүйенеді. Сонымен бірге патофизиология патанатомия пəнімен тығыз байланысты. 
патофизиология бүлінген жасушаның, тіннің, ағзаның, жүйенің жəне тұтас 
организмнің қызметтерін дерттің пайда болғанынан бастап, ең соңына дейін бақылай 
алады, тұтас организмді, оның реттеуші жүйелерімен біріктіріп зерттейді. Науқас 
организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерін, ондағы 
қорғаныстық-компенсациялық жағдайларды зерттейді. 
Патофизиология пəні клиникалық пəндердің негізгі. Клиникалық пəндерде жекелеген 
аурулардың пайда болу себептерін, даму механизмдерін жəне салдарларын белгілі 
науқас адамдарда тексереді. Бүл кезде сырқат адамның жасына, жынысына, элеуметтік 
орналасқан ортасына ж.б.жағдайларға қарай аурудың пайда болу себептері, даму 
жолдары əртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан да «дертті емдемей, науқас адамды емдеу 
қажет» деген қағида қалыптасқан. Ал, патофизиология ауру себептерінің, даму 
жолдарының жалпы заңдылықтарын тексереді. Аурудың пайда болу себептеріне, 


организмнің қоздырғышқа жауап қайтару қабілетіне жəне сыртқы (əлеуметтік) 
ортаның жағдайына байланысты организмде жасушалардың, ағзалардың жəне 
реттеуші жүйелердің қызметтері өзгерулерінің əртүрлі байланыстары пайда болады. 
Клиникада аурудың жеке түлғаларындағы дара көріністерін зерттеп, емдейді. Мысалы, 
терінің қабынуын дерматовенерологтар зерттесе, мидың қабынуын-невропатологтар, 
жүректің қабынуын-кардиологтар, бүйректің қабынуын-нефрологтар, т.с.с.тексеріп 
емдейді. Ал, қабыну процестерінің орналасқан жеріне қарамай барлыгының даму 
негізінде белгілі бір жалпы заңдылықтар жатады. Осы жалпы заңдылықтарды 
патофизиология зерттейді. Сол сияқты ісіктерде орналасқан жеріне қарай эртүрлі 
клиникалық көріністермен сипатталады жəне олар онкологтармен зерттелсе, бүл 
ісіктердің дамуындағы жалпы заңдылықтарды патофизиология тексереді. 
Патофизиология қалыпты физиология сияқты эксперименттік əдісті қолданады. 
Лабораториялық жануарларда адам ауруларының үлгісін алады. Аурудың үлгісі деп 
лабораториялық жанураларда адам ауруларының кейбір белгілеріне сəйкес аурулардың 
түрлерінің көшірмесін алуды айтады. 
Қазіргі жағдайда адамның көп ауруларының үлгілерін эксперименттік жануарларда 
алуға болады. Мысалы, травмалық шок, қантты диабет, атерсклероз, жоғары қан 
қысымы ауруы, миокард инфаркты, өкпе, бүйрек қабынуы ж.б. Бірақ адам 
ауруларының үлгісін жануарларда толық көлемінде алу мүмкін емес. Сонда да 
аурудың патогенезіндегі кейбір маңызды түйіндерін, кейбір симптомдар мен 
синдромдардың үлгісін алудың толық мүмкіндігі бар. Мысалы, гипертониялық 
аурудың үлгісін алғанда адамда кездесетін ауруды толық қайталау мумкін емес. 
Сондықтан тек сол ауруға тəн симптомды-қан қысымының жоғарлауын (гипертензия) 
ғана эксперименттік жануарларда алуға болады. 
Ал, адамның кейбір ауруларын жануарларда қайталауға мүлде болмайды. Ол 
жан-дүниелік (психикалық) аурулар, ісіктің кейбір түрлері (асқазанның обыр ісігі (рак), 
зат алмасуының аурулары (подагра), аллергиялық аурулар (бронхиалық демікпе), 
жыныстық қатынас аурулары (мерез, соз) (жүре пайда болған иммундық тапшылық 
синдромы) ЖИТС ж.б. 
Эксперименттік тэжірибеде патофизиологтар физиологияның, электрофизиологияның, 
биохимияның, гематологияның, морфологияның, иммунологияның белгілі əдістерін 
қолданады. Соңғы кездерде қазіргі компьютерлерді пайдаланып, аурудың 
математикалық үлгілерін алуда өзінің орнын алып келеді. 


Эксперименттік əдістердің негізгі мүмкіншіліктері. 
1. Аурудың пайда болу себептері мен себептік байланыстарын тексере алады. 
2. Аурудың экперименттік үлгісінде ең алғашқы пайда болу сатысынан бастап 
соңғы нəтижесіне дейін байқауға болады. Клиникалық пəндердің мұндай мүмкіншілігі 
жоқ. Науқас адам дəрігерге əбден сырқаттанған соң ғана келеді. 
3. Аурудың емделмеген түрін байқап, толық тексеруге болады. Клиникаға науқас 
адам келісімен оған ем тəсілдерін қолданылады да, көрсетілген мүмкіншілік жоқтың 
қасы болады. Ал, бұл мүмкіншіліксіз аурудың патогенезін анықтау мүмкін емес. 
4. Жаңа ашылған қандайда болмасын ем тəсілдері ең алдымен тек жануарларда 
тексерістен (эксперименттік терапия) өткеннен кейін ғана клиникаға алынады. Сайып 
келгенде, патофизиологияның басты мақсаты - аурулардың пайда болу себептерін, 
даму жолдарын, оларды тиімді емдеудің жолдары мен əдістерін түсінуге жеткізу. 
Патофизиологиялық эксперимент үш сатыдан тұрады: 
1. Бастапқы, яғни ағзаның немесе организмнің қалыпты қызметін зерттеу; 
2. Аурудың экспериметтік үлгісін алу. Оның дамуын зерттеу; 
3. Эксперименттік емдеу. Соңғысы арқылы аурудың даму заңдылықтарын түсіну, 
өзінділік бір тексеру десе де болады. 
Эксперимента кездейсоқ жануарларға жасауға болмайды. Жануарлардың түрі, оның 
жасы, жынысы, орталық нерв жүйесінің түрі, күтім жағдайы (азықтануы, сыртқы 
температура жағдайлары ж.б.) маңызды. Мэселен, асқазан жарасының даму 
механизмін зерттеу үшін қоян мүлде жарамсыз жануар болып табылады. Себебі оларда 


асқазан жарасы өзбетінше жиі кездеседі. Бүл үрдісті егеуқүйрықтар мен иттерде 
тексерген дүрыс. Анакфилаксия-бэрінен ақ тышқандар мен теңіз тышқандарында 
жақсы дамиды. Егеуқүйрықтар бұл мақсатта ең қолайсыз жануарлар. 
Əрбір эксперименттік зерттеу міндетті түрде бір уақытта салыстырмалы 
тəжірибелерімен қабаттасуы тиіс. Бақылау тəжірибесі өте таза болуы керек жəне оған 
өте жоғары талап қойылуы шарт. Сонда ғана бүл тəжірибенің нəтижелерімен негізгі 
тəжірибенің нəтижелерін салыстыруға болады. 
Кейбір жағдайда практикалық медицинаның талабы жануарларда жасалатын 
тəжірибелермен шешілмеуі мүмкін. Сондықтан ерекше жағдайларда, аса бір 
ұқыптылықпен жəне жоғары жауапкершілікпен, тəжірибе өз еріктерімен келіскен 
адамдарда өткізілуі мүмкін. Бұл тəжірибелік сынаудың ең жоғары дəрежесі, жаңа 
шыққан дəрі-дəрмектерді, жаңа медициналық зерттеу қүралдарды жануарларда 
жан-жақты тексерілген соң клиникада алғашқы қолдану тəжірибенің бір түрі. 
Патофизиология пəні жалпы жəне жүйелік патофизиология деген екі үлкен бөлімнен 
тұрады. Жалпы патофизиология үш тараудан түрады: 
1. Жалпы нозология; 
2. Жалпы этиология жəне патогенез; 
3. Біртектес дерттік (патологиялық) үрдістер. 
Жүйелік патофизиология жекелеген ағзалар мен жүйелердің дерттерін зерттейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет