Жобаны дайындаудың барлық кезеңдерінде осы жоба бағытталған адамдар да белсене ат салысулары қажет. Сіздің жобаңыз бағытталған мәселелер мен мұқтаждықтарға өзінше әрекет еткен жергілікті адамдардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескеріңіз. Осы жағдайды қалайда өзгерту жолында жергілікті тұрғындардың қабілеттері жететіндігіне сенім артпаған кезде үлкен қателік жасаймыз. Ол адамдарды жобаға кірістіргенде олардың шешім қабылдауға қатысатыны күмәнсіз және солай олар кейін өз өмірлеріне ықпал ететін әрекет жасайды. Бұл адамдарға өздерінің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік береді, яғни бұл — адамдардың өз күштеріне сеніп, әрекет етулеріне ықпалын тигізетін негізгі жолдардың бірі. Құдайдың сүйіспеншілігі барлық адамдарға арналған және Иса көбіне жағдайы нашар және басқалар оны кемтар деп санайтындарға Өз достығын ұсынған. Олар әйелдер, балалар, қариялар, науқастар болатын. Иса оларды құрметтеген және олардың болмашы үлесін бағалаған.
Жобаны дайындауда келесі сұрақтарды шешу керек:
Жобаның негізгі мақсаттары не? Ал түпкі (ақырғы) мақсаты ше?
Бұл мақсаттарға қандай әдістермен қол жеткізілмек? Жоба қай жерде және қалай жүзеге аспақ?
Жобаға кім қатысады?
Жоба бағдарламасы қанша мерзімге арналған?
Жоба қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік мақсаттарға қашан жетпек?
Өздеріне арналған жобаны дайындауға адамдар қалай қатыстырылған?
Қоғам өзінен бөлектеп аластатқан немесе шеттеткен адамдарға жоба
қалай ықпал етеді?
Жергілікті тұрғындар мен аластатылған не шеттетілген адамдар
арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне жоба қандай ықпал жасайды?