Ұйымдастырушылық құрылым ұйымның барлық қызметкерлеріне қызмет етуі әрі мәлім болуы керек. Адамдардың өз мәселелері бойынша кімге бара алатынын және кімнің неге жауапты екенін білгені өте маңызды.
Еріктілердің ниеттері дәлелді болуға тиіс.
Машықтанған қызметкерлердің міндетті түрде қажетті тәжірибелері мен қабілеттері болуы керек.
Қызметкерлерді бастапқы тиісті дайындықтан өткізіп, әрі қарай оларды жүйелі түрде үйретіп отыру аса маңызды.
Барлық қызметшілер — штаттағылар болсын, еріктілер болсын — жобаны дамытуға өз ұсыныстарын қоса алуы үшін олардың қолдаушылары болуы тиіс және қызметтері жүйелі түрде бағаланып отырулары қажет.