Түкке тұрғысыз дәрілер Бірнеше жыл бұрын Угандада туберкулездің дәрісін ЖҚТБ-ның дәрісі деп қолданған. ЖҚТБ-ға шалдыққан адамдардың көпшілігі дәл осы туберкулезден өледі. Дәрі ЖҚТБ-ны емес, туберкулезді құртады. АҚШ-та мерездің (сифилис) дәрілерін ЖҚТБ-ның дәрісі деп атаған. Бірақ олар тек мерезден ғана айығуға көмектескен. Кейбір адамдар ЖҚТБ-ның дәрісі деп арнайы диеталарды, жеке отырып тамақтану, көп мөлшерде дәрумендерді (витамин) ішуді, жаттығулар, ұйқы және түрлі комбинациядағы психотерапияны жарнамалауда. Бұлардың құны қанша?
Егер сіздің жауынгер-жасушаларыңыз жақсы жұмыс істемейтін болса, онда сіздің иммунитетіңізді нығайтатындардың бәрі де денсаулығыңызды сақтауға көмектесетіні рас. Және керісінше: сіз өзіңізді қажытатын әрі ауруға септігін тигізетін нәрселерден аулақ болуыңыз керек. Дұрыс мағына өзіңізге күтім көрсетуді нұсқайды: жүйелі түрде дұрыс тамақтану, қандай да бір жаттығулар жасау, салмағыңызды бірқалыпты ұстау, көбірек жаңа піскен жемістер мен көкөністерді жеу, шылым шегуді доғару, ішімдіктер мен басқа есірткілерден бас тарту, жеткілікті ұйықтау. Осындай көп қаржы талап етпейтін нәрселер көптеген адамдардың, әсіресе, ЖҚТБ-мен ауыратындар мен АҚТҚ-ны жұқтырғандардың денсаулығын сақтап, өмірін ұзартады.
Алайда кейбіреулер түрлі қымбат әрі пайдасыз дәрі-дәрмектерді жарнамалайды. Көпшілік ЖҚТБ ауруын пайдаланып ақша жасайды.
Анти-ретровирустық емдеу тәсілі және тағы басқа өте қымбат дәрі-дәрмектердің бар екендігі рас. Дегенмен, олар отты толығымен өшірмей, оны тек тұншықтырып қана қояды. Олар улы болғандықтан, мөлшері асып кетсе, адам өліп қалады, яғни көптеген қосымша күрделі анализдер қажет. Бұған қоса бұл дәрі-дәрмектерді өмір бойы қабылдау керек.
Дамымаған елдерде жыныстық қатынасқа түсу үшін адамдардың бәрі де сақтандырғышты қолдана алады деп ойлау қаншалықты ақымақтық болса, осы кішкене арзанырақ дәрі-дәрмектер қалайда әлемдегі ең кедей тұратын халықтың басым көпшілігінің өмірін өзгертеді деп сену — соншалықты ақымақтық. Тіпті сіз осы дәрі-дәрмектерді сатып алатындай жағдайыңыз болса да, оларды жақсы жабдықталған зертханалар мен тәжірибелі дәрігерлер тобының көмегінсіз қабылдау пайдасыз әрі қауіпті екенін есте сақтаған абзал. Бұл дәрілерді қолданудың ең дұрысы оларды ЖҚТБ-ға тапсырылған тест анализі оң нәтижелі болған жүкті әйелдерге беру. Бұның мақсаты туылмаған нәрестенің ауруды жұқтыру қаупін азайту.