Патрик диксон


Мүшеқаптар сенушілердің ЖҚТБ мәселесіне деген жауабының бір бөлігі болуы тиіс



бет35/110
Дата05.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#18967
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110
Мүшеқаптар сенушілердің ЖҚТБ мәселесіне деген жауабының бір бөлігі болуы тиіс
Қауымдар мүшеқаптар жайлы мәселеге жауап іздегенде, әр түрлі ойда болады. Мынадай мысал: бір адам қауым жетекшісіне қан құю нәтижесінде вирусты жұқтырып алғанын және енді жұбайының денсаулығы не болатынын уайымдайтынын айтады. Олардың екеуі де АҚТҚ-ға тексерістен өткен. Соның нәтижесі: ері вирусты жұқтырып алған, ал зайыбы жұқтырып алмаған. Енді оған қандай ақыл-кеңес беру керек? Әрине, бірден-бір дұрыс ақыл — ерлі-зайыптының екеуіне егер сақтанбай жыныстық жақындасса, зайыбының өміріне қауіп төніп тұрғанын түсіндіру. Бірақ егер олар жақындасқанда үнемі мүшеқапты дұрыс пайдаланатын болса, онда зайыбының ауру жұқтырып алу қаупі азаяды. Бұндай жағдайда ерлі-зайыптыларға сақтандырғышты пайдаланудың артықшылығын айтпау — ақымақтық, тіпті әдейі кісі өлтірушілік болар еді.
Осындай жағдайдағы қауіп-қатерді қарастырайық. Егер екеуі де жыныс арқылы таралатын емделмеген мерез (сифилис), соз (гонорея), теңгеқотыр (шанкроид) және басқа да ұзаққа созылған аурудан аман болса, бір рет жақындасқанда АҚТҚ-ны жұқтырып алу қаупі жарты пайыздан аз. Ал мүшеқапты пайдалану бұл қауіпті тағы он есе азайтатынын білеміз. Демек, егер сіз мүшеқапты дұрыс қолдансаңыз, әйеліңізден не күйеуіңізден АҚТҚ-ны жұқтыру қаупі 2000-ның біріне қарағанда аз дегенді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, орта есеппен бұндай ерлі-зайыптылардың ауру емес жұбының біреуі АҚТҚ-ны жұқтыруы үшін шамамен 2000 рет жыныстық жақындасуы тиіс. Әлбетте, бұл жағдай 20 реттен кейін болып қалуы мүмкін және 10000 реттен кейін де болмауы мүмкін. 2000 рет — бұл жүздеген ерлі-зайыптылармен не болып жатқанын бақылаудан шығаруға болатын орташа көрсеткіш.
Сонымен, сенуші үшін кейбір жағдайда сөз әйелінің не күйеуінің өмірін сақтап қалу жайлы болғанда, сақтандырғышты пайдалануға деген ешқандай кедергі болмайтындығы анық. Бұл жолмен қаншалықты алысқа баратынымыз белгілі бір қауымға байланысты, бірақ мен айтып өткендей, олардың ұстанатын дәстүрлері мен мәдениеттері бір-бірінен өте алшақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет