Өлім аузында жатып Құдайға тәубе ету Осы және тағы да басқа көптеген сұрақтар адамдарды ізденуге итермелейді. Олар аруақты шақырушыларға, көріпкелдерге, халық емшілеріне және тағы басқа о дүниелік өмір бар деп сендіретіндердің бәріне барады. Өлім аузында жатып Құдайға тәубе ету — әдеттегі әрі шынайы болатын нәрсе. Айқыштағы қарақшы өзінің өліп бара жатқанын біліп, Мәсіхке тәубе еткен. Өкпе рагіне шалдыққан адамның ауруханаға келгені әлі есімде. Ол тақуа әйелдерге қарап: «Мен атеистпін, Құдайдың бар екеніне сенбеймін. Осында қалу үшін міндетті түрде католик болу керек пе?» — деп сұрады.
Біз оған бұл жерде кез келген сенімдегі адамдарды және сенбейтіндерді де қуана қарсы алатынымызды түсіндірдік. Мен біреу одан оның жеке сенімі мен нанымдары жайлы сұрады деп ойламаймын. Бірақ екі апта өткеннен кейін ол өзі осы тақырыпты қозғап, сенушілер қауымының жетекшісімен кездесуді өтінді. Өлім аузында жатқан ол ешкім де сенім жайлы бір ауыз сөз айтпастан бұрынғы көзқарасынан қайтқан еді.