Әрекет жасайтын мезгіл жетті Ең алдымен сізге өз өміріңізге көз жүгіртіп шолып өту қажет шығар. Мен көптеген адамдардың өмірінің соңына жетейін деп қалған сәтте өмірдің мәні туралы терең ойлана бастайтынын байқадым. Өз үйіңізді ретке келтіру үшін өлім жазасына кесілу міндет болғаны ма сонда? Мүмкін, сізден дереу жыныстық қатынасқа байланысты өміріңізді өзгерту не нашақорлықтың инесінен бас тарту, сонымен қатар, сізге ненің маңызды болып табылатынын шешу талап етілетін шығар.
Сізге не маңызды? Сізді шын мәнінде не нәрсе бақытты ете алады? Сіз үшін қандай қарым-қатынас маңыздырақ? Мен осы жылды ғана емес, алдағы бірнеше жылды және болашақты да айтамын. Сіз нағыз достарыңыздың кім екенін әрі сіз кімнің иелігінде екеніңізді білесіз бе?
Осының бәрі маңызды сұрақтар. Көптеген адамдар мәсіхші болғаннан кейін былай дейді: «Егер мен қазіргі білетіндерімді бұрын білсем, менің өмірім ешқашан мұндай мәнсіз болмас еді». Өкінішке орай, өлім қаупі төнген ауру не бақытсыз оқиға адамды терең ойға шомдырып, өз ойлары мен сезімдерін тексеруге мәжбүр етеді. Таныстарыңыздың көпшілігі ешқандай ұзақ мерзімдік жоспарсыз қарым-қатынастың біреуінен екіншісіне, жұмыстан жұмысқа ауысқан бір күндік өміріне бола бақытты шығар.
Бірақ осындай өмір салтын ұстанатын адамдар ақырында жиі жағаға шығып қалады. 38 жастағы әйел өзіне үйленемін, балаларына әке боламын деп сөз беріп, өзімен бірге тұрып жатқан еркектің соңғы екі жыл бойы көзіне шөп салып жүргенін және енді оны тастап кетіп бара жатқанын біледі. Бір ер адам бизнесте өз арманына жетсе де, жанұясы мен достарын жоғалтқанын түсінеді. Ол ақшаға достарды емес, тек қызығушыларды ғана сатып алуға болатынын өте кеш түсінеді. Басқа еркек бірнеше кезекті қарым-қатынастан кейін бәрінен көңілі қалып, өзінің махаббаттың не екенін түсінетіндігіне күмәнданады.
Бақытты өмір Мен Құдайдың сізді арнайы бір мақсатпен жаратқанына және егер Құдайдың сізге деген сол мақсатын өзіңіз тапсаңыз, онда орасан зор бақытқа кенелетіндігіңізге сенемін. Бұл жоспардың бір бөлігі басқалар үшін өмір сүруден құралады. Иса өзіңізді табудың, яғни толықтай адам болудың жалғыз ғана жолы — өзіңізді жоғалту екендігін айтқан. Бұл сіздің барлығы келіп аяғын сүртетін «төсеніш» болуыңызды білдірмейді. Бұл өз ырқыңызбен еркін өмір сүру құқынан бас тартып, Исадан қалай өмір сүру керектігін сұрауды білдіреді. Мен Құдайдың сізге арнаған ерекше жоспары бар екеніне және Ол сізді сүйгендіктен, Оның жоспары сізді толықтай бақытқа кенелтетініне сенемін.
Бұл жоспардың ең маңызды бөлігі сіз толық бақытты өмір сүру үшін Құдай сіздің Оны досыңыз ретінде жақын танып, жаңа күш-қуатқа, ішкі жан дүниенің қорына ие болғаныңызды қалауынан тұрады. Бұл бізге толымдылықты, кейде тәндік сауығуды да береді.