Ресейдегі АСЕТ ұйымының жұмысы туралы Ресейдегі АСЕТ ұйымы (Aids Care, Education, Training — ЖҚТБ: күтім, ағарту ісі, дайындау) Угандада, Танзанияда, Румынияда, Чехияда, Словакияда, Болгарияда, Үндістанда, Таиландта, Австралияда және АҚШ-та жұмыс істейтін халықаралық АСЕТ ұйымының партнері. АСЕТ ұйымы UNICEF және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен бірігіп жұмыс істейді.
ANPO АСЕТ автономды коммерциялық емес ағартушылық ұйымы мектептерде, балалар клубтарында, балалар лагерьлерінде, реабилитация орталықтарында және қауымдарда АҚТҚ инфекциясының алдын алумен айналысады. Біздің мақсатымыз балалар мен жасөспірімдердің құндылықтары мен ойлау қабілеттеріне әсер етіп, солайша олардың болашағы мен еліміздің болашағына ықпал жасау. АСЕТ ұйымының сенуші лекторлары мектепте оқитындарға ЖҚТБ пен есірткінің алдын алу лекцияларын оқиды. Бұл лекциялар Киелі кітап құндылықтарына негізделген және жасөспірімдерді өнегелі әрі салауатты өмір салтына шақырады. Мектеп басшысының және мұғалімдердің келісімімен оқылатын лекциялар әдетте екі 40 минуттық сабақтан тұрады. Лекция барысында қызықты материалдарды, фотосуреттерді және түрлі түсті плакаттарды көрсетуге болады. Лекцияның материалдарын қазіргі замандағы сенбеуші жасөспірімдерге жеңіл әрі түсінікті болатындай етіп сенуші дәрігерлер мен психологтар дайындаған.
ЖҚТБ-ның алдын алу туралы осы лекциялар Иркутскідегі ЖҚТБ-орталығының дәрігерлерімен келісілген. Ресейдегі ең алғашқы лекторларды дайындау семинары Иркутскіде өткізілді. Онда жергілікті сенуші лекторлар Иркутск облысының әр түрлі мектептерінде өздерінің алдын алу жұмыстарын бастаған. Бұл лекциялар мектеп басшыларының, мұғалімдердің сонымен қатар оқушылардың да ойларынан шығып, жақсы пікірге ие болған. Бұндай семинар Ресейдің өзге де облыстарында, Украинада, Қазақстанда … өткізілді.
Семинарға қатысушылардың қағазға басып шығарылған лекциялармен бірге аурудың алдын алу туралы нұсқауды, мектептерде қолдануға болатын түрлі түсті слайдтардың жинағын, лекцияда келтірілген мысалдар қамтылған бейнетаспаны және керекті әдебиеттерді алуына мүмкіндігі бар. Бұл материалдардың бір жинағы 400 рубль (2000 тенге) тұрады. Оны пошта арқылы тапсырыспен АСЕТ ұйымынан алуға болады. Материалдардың бір жинағын бірнеше лектор пайдалана алады.
Біз сонымен бірге жергілікті сенушілер қауымдармен бірігіп сенбеуші жасөспірімдерге арнап «ЖҚТБ-ға қарсы ұйымдастырылған жастар кеші» атты алдын алу акциясын өткіземіз. Егер сіздің қауымыңыз мектептерде ЖҚТБ-ның алдын алу жұмыстарымен айналысқысы келетін адамдарға арнап арнайы семинар өткізгісі келсе, онда сіз бұл семинар жайында көбірек мәліметті біздің веб-беттерімізден немесе бізге тікелей хабарласу арқылы таба аласыз.
Ресейдегі АСЕТ ұйымы туралы қосымша мәліметті интернеттен таба аласыз:
http://www.acet-international.com/acetrussia/index.htm
немесе
www.acetrussia.ru