«ЖҚТБ бұл жерде ешқашан болмайды» Орталық Африканың кейбір бөліктерінде барлық жас әйелдер мен ерлердің әрбір бесіншісі ЖҚТБ-дан өлімге кесілген. Енді біз ЖҚТБ Африкада АҚШ-тағыдай 60-жылдары болғандығын білеміз. Барлық медицина қоғамының қырағылығына қарамастан, адамдар осы аурудан өліп жатқан. Ал 1983 жылы Африкада ЖҚТБ-мен ауырған деген тек бір ғана мәлімет тіркелген. Тек сол жылы ғана біз Орталық Африкада болып жатқан апатты кенеттен түсіне бастадық. Он мыңдаған адам ЖҚТБ-дан көз жұмып, миллиондаған адам ауру жұқтырған. Оларға көмек беру тым кеш болды.
Азияның кейбір бөліктері мен ТМД елдерінде індет тез жайылуда, мысалы Шығыс Еуропада (Ресей Федерациясы, Украина және Белоруссияны қоса есептегенде) және Орталық Азияда АҚТҚ-ны жұқтырғандар саны небары біразырақ жылдың ішінде күрт өсті — 2004 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 1,4 млн адамға жетті. Он жылдан аз уақыт ішінде 10 еседен аса өсті. 2004ж. АҚТҚ-ны жұқтырғандар саны шамамен 210 000 құраса, сол 60 000 адам ЖҚТБ-дан көз жұмды. Тек Индиядағы Мумбай (бұрынғы Бомбей) қаласының өзінде әр түні 1000-нан аса адам ауру жұқтырады. Солтүстік-шығыс Үндістанның шамамен 40000 тұрғыны бар ауылдарына барғанда солардың 8000-ы күре тамырға героин шаншитынын, ал 4000-ы ауруды әлдеқашан жұқтырғанын білдім. Мен өлім аузында жатқан бағушының ұлының қасында болдым және оның үлкен ағасы да әлдеқашан ЖҚТБ-дан қайтыс болған екен. Бүкіл ұрпақ апатқа ұшыраған. Әйтсе де, жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтап қалатын қарапайым жол бар.