4. Жыныстық қатынас және қауым Қауымдағы абыржу Құдай жыныстық қатынасты жаратқан: ал некеден тыс болатын жыныстық қатынасқа Ол қамығып, ренжиді.
Қазіргі кезде қауымның кейбір бөліктерінде барлық сұрақтарға байланысты қайшылықтар байқалады. Қайта тірілу ешқашан болмаған және Киелі кітапқа толықтай сенуге болмайды деген оймен Исаны Құдай Ұлы деп қабылдамай, Оның пәк қыздан туылғанын мойындамай-ақ, кейбір елдерде епископ болуға болады деген әсерде қаласыз. Қауымның көптеген тарихи ілімдері мен Киелі кітаптың маңызды бөліктерін қабылдамауды ұйғарған адамдардың тобы құрылғаннан кейін, үлкен мәселе туындайды. Нәтижесінде кез келген адамның пікірі маңызды болады. Демек, қанша адам болса, сонша дін бар сияқты көрінеді.