Кезінде жұртқа тартымдыкөрінген сенім Адамдар бұл әділетсіздік қой дейді. Өзінің сүйген жігітінің басқаға үйленгенін білген қызға немесе Исаның соңынан ергендердің арасында некелесуге лайықты ешқандай қалыңдық жоқ деп ұйғарған жігітке жалғыз қалуға мәжбүр екендіктерін қабылдау өте қиын. Ал айналасында әйел не күйеу боларлық адамдар толып жүрсе де, бірақ олардың қай-қайсын да жұбай ретінде көз алдына елестетуге болмаса және бірде-біреуі болашақ ана не әке деп сенім артуға лайықты болмаса, онда бұл одан бетер қиынға соғады.
Біз осы жыныстық қатынас үстемдік етіп тұрған заманда ер адам басқа адаммен төсектес болып, өзінің жыныстық белсенділігін көрсетпесе, онда ол табиғат заңына қайшы деп есептеуге дағдыланып кеткенбіз. Бұл әйелге де қатысты, бірақ оның бір ғана айырмашылығы бар: әдетте жас жігіттің жыныстық сұранысы жас келіншекке қарағанда әлдеқайда жоғары. Өмірінің жартысында бұл жағдай көбіне керісінше өзгеретін болады.
Мәсіхшілік сенім сәнді (мода) қумайды және мәсіхтік дәстүр некесіздікті, яки пәктікті әрдайым жоғары тұтқан. Бұның үлгісін бізге Исаның Өзі және елші Пауыл да көрсеткен. Қауымның алғашқы құрылған уақытында жыныстық азғындыққа түскен адамдар көп болған. Бірақ Иса да, Пауыл да Құдайдың бәріміздің алдымызға қойған мақсаты ретінде тұрақтылықты, тәртіпті, ұстамдылықты, пәктікті және адалдықты сақтауымыз керектігін нақты айтады. Келесі жүзжылдықта адамдар жыныстық қатынас пен жыныс жолдары арқылы таралатын жұқпалы аурулар үстемдік етіп тұрған заманда жүктілікке қарсы ойлап шығарылған дәрілерден кейін туып-өскен бірінші және екінші ұрпаққа таңғалып қарайтын болады. Өкінішке орай, олар шаңырақтың шайқалып, отбасының күйреуі жүз миллиондаған балалардың обалына қалатындығынан байқалмауы мүмкін емес.