Павлодар қаласы, №30 жалпы орта білім беру мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



Дата15.09.2017
өлшемі81,18 Kb.
#33854

Павлодар қаласы,

30 жалпы орта білім беру мектебі,



қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Якубова В.Х.



«Полиглот» сайысы
Жүргізуші:

-Армысыздар құрметті достар! 22 қыркүйек- Қазақстан халықтарының тілдер күні!


Ведущий:

- Этот праздник уникален, вряд ли найдется страна, где бы отмечалось такое событие.  Казахстан – многонациональное государство, где проживает более ста различных этносов. Политика нашего государства направлена на укрепление равноправия народов Казахстана, независимо от их этнической принадлежности. 


Жүргізуші:

-Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу- бұл сүйініш.Қазіргі уақытта көп тіл білу өмір талабы. Бүгінгі «Полиглот» сайысымыз Қазақстан Республика халықтарының тілдер күніне арналған. 


Ведущий:

-В «Законе о языках» говорится: «Каждый гражданин РК имеет право на пользование родным языком, на свободный выбор языка общения, воспитания, обучения и творчества».



Жүргізуші:

-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу. Бүгінгі біздің шарамыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің және орыс ,ағылшын білгірін анықтау.



Ведущий:

- Будущее нашей страны –это вы.Чтобы быть конкурентоспособным нужно получить хорошее образование, знать много языков .Сегодня мы решили провести конкурс «Полиглот», посвященный Дню языков народов Казахстана



Жүргізуші:

Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: 

1. «Білімпаз» .Сөздердің антонимдерін табу -5 ұпай;  /подбери атонимы к словам -5 баллов за каждый правильный ответ/

2. «Полиглот». Сөздерді аудару -5 ұпай; /перевод слов – за каждое слово 5 баллов/

3. Тіл өнері-10 ұпай;  /10 баллов за каждый правильный ответ/

4. Жорға -5 ұпай; /5 балл за каждый правильный ответ/

5. Бәйге-10 ұпай; /кто быстрее ответит-10 балл за ответ/
Жүргізуші:

Бүгінгі сайыстың қатысушылары:

Бірінші команда :(құрамы,жетекшісі)
Вторая команда: (құрамы,жетекшісі)
Бүгінгі сайыстың әділқазылары: 

Қазақ тілі мұғалімі- . 


Орыс тілі пәнінің мұғалімі-. 
Учитель английского языка- 

І бөлім -“Білімпаз”.

Сөздердің антонимдерін табыңыз .Орысшаға ,ағылшынға аударыңыз.

1топ

1.жаңа – ескі  /новый – старый/

2.бүгін  - кеше  /сегодня - вчера/

3.жақсы – жаман  / хороший - плохой/

4.тар – кең  / узкий - широкий/

 

2 топ

1.күн- түн /день-ночь/

2.алыс- жақын /далеко –близко/

3.аш- жап  /открой-закрой/

4.қысқа- ұзын  /короткий-длинный/



ІІ бөлім –“Полиглот”.

Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз 

1 топ

1.столица- астана

2.озеро – көл

3.река - өзен

4.хлеб - нан

5.класс – сынып

6.сахар- қант

7.ручка - қалам

8.город - қала

2 топ

1.время - мезгіл

2.год - жыл

3.август - тамыз

4.лето – жаз

5.море– теңіз

6.врач- дәрігер

7.независимый- тәуелсіз

8.учебник- оқулық

III бөлім – “Тіл өнері “

«Мақалды аяқта» . орысшаға ,ағылшынға аудар.



   1 топ

1.Өмір-үлкен ..... (мектеп)                                           

2.Мектеп-кеме,білім - ... (теңіз) 

3.Күлме досыңа,келер .... (басыңа)



2 топ

1.Отансыз- ...,ормансыз-бұлбұл (адам)

2.....жолдастан таяғым артық (жаман) 

3.Күш-білімде,білім- ...... (кітапта)  



ІҮ бөлім «Жорға» 

.Әр сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.



1-ші топқа қойылатын сұрақтар: 

1.Тілдер күні (22 қыркүйек) 

2. «Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт) 

3.Республика астанасы (Астана қаласы) 

4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам (бесбармақ, қазы-қарта,қуырдақ) 

5. «Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ) 

6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі) 

7. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяков).



2-ші топқа қойылатын сұрақтар: 

1.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) 

2. «Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз, оқытушы) 

3.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз) 

4. «Корень» сөзінің аудармасы ( түбір) 

5. Аптаның соңғы күні (жексенбі) 

6.Адамды кім емдейді? ( дәрігер) 

7.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков)

Ведущий

-В дружбе всех народов и национальностей, в их общих делах и в общих праздниках – залог мирного и счастливого будущего нашего большего дома, имя которому Казахстан.

(«Мой Казахстан» -өлеңі оқылады) 
 V бөлім- Бәйге”

Бұл бөлімде қатысушылар қойылған сұраққа тез және нақты жауап беруі керек.Жауабын орыс ,ағылшын тілдерге аудару керек



  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)

  2. Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15.11.2003 ж)

  3. Басты байлық. ( денсаулық )

  4. 12 ай (жыл )

  5. Күйді орындаушы адам ( күйші )

  6. Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)

  7. Қазақша жылдың басы не? ( тышқан)

  8. 25 қазан қандай күн ? ( Республика күні)

  9. Қ.Р. мемлекеттік рәміздерін ата. ( әнұран,елтаңба,ту)

  10. Қ.Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т.Аубакиров)

  11. 100 жыл ( ғасыр)

  12. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)

  13. 9 мамыр қандай күн? (Жеңіс күні)

  14. Абайдың шын аты кім? (Ибрагим)

  15. Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)

  16. Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16.12.1991)

Жүргізуші:

Көп тіл білсең көкжиегін кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар !
« Ана тілім-арын бүл» атты Қадыр Мырзалидің өленің оқылады.

Әділқазыларға сөз беру

Мақтау қағазын ұсыну

Кездескенше,сау саламат болыңыздар!



Қорытынды:
Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды.. Жеңімпаз топ анықталып мақтау қағазы тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы тапсырылды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет