Тест тапсырмалары
1. Берілген сөйлемді толықтырыңыз
Бірде Алдар далада келе жатып,....
А) жылы үйді армандады.
В) сондай жылы.
С) сұмдық тоңды.
D) шапанымды беремін.
Е) жарыса жөнеледі.
2. «Жылы үй» мына сөз тіркесінің аудармасын табыңыз
А) светлый дом
В) чистый дом
С) просторный дом
D) красивый дом
Е) теплый дом
3. Ілік септігінде тұрған сөздерді табыңыз
А) далада, шапанмен
В) барады, отырады
С) байдың, Алдардың
D) жел, тесіктен
Е) шапанымды, желмен
4. Жіңішке дыбысты қатарды көрсетіңіз
А) шапанды, жылы
В) тесік, үйді
С) байды, Алдар
D) атын, тоңды
Е) желмен, жарыса
5. «Шапанмен» сөзінде неше буын бар екенін анықтаңыз
А) 6
В) 2
С) 3
D) 5
Е) 1
19. Бауырсақ
Сөздік
суып тұрып - остыл
домалай берді - катился
одан әрі - дальше
пісірді - испекла
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Бауырсақ суып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан одан әрі домалай береді, домалай береді.
(36 сөз)
Тест тапсырмалары
1. Мәтіннен кім сұрағына жауап беретін сөздерді анықтаңыз
А) бауырсақ, орындық
В) шал, кемпір
С) қаймақ, шал
D) кемпір, терезе
Е) шал, май
2. Жіңішке буынды сөздерді табыңыз
А) шал, терезе
В) кемпір, терезе
С) жөнеледі, домалай
D) орындық, ертеде
Е) пісіріпті, қаймақ
3. Берілген сөйлемді жалғастырыңыз
Бауырсақ суып тұрып, бір кезде ...
А) домалай береді.
В) пісіріпті.
С) қаша жөнеледі.
D) домалай жөнеледі.
Е) болыпты.
4. «Колобок» сөзінің аудармасын табыңыз
А) орындық
В) бауырсақ
С) шал
D) терезе
Е) кемпір
5. Жуан буынды сөздерді анықтаңыз
А) орындық, терезе
В) бауырсақ, кемпір
С) шал, орындық
D) қаймақ, терезе
Е) май, береді
20. Түлкі мен қоян
Сөздік
достық – дружба
азық – пища
үйшік - домик
қызғанып – завидуя
қулық – хитрость
ауырыңқырап - приболела
бұзып тастайды – разломала
араз – врозь
Баяғыда түлкі мен қоян дос болыпты. Олардың достығына басқа аңдар қызыға қарайтын. Бірге азық іздейді, күндерін бірге өткізеді.
Қыс мезгілі де келді. Қоян өзіне қамыстан үйшік жасады, ал түлкі болса мұздан жасады. Көктем келе түлкінің жасаған үйшігі еріп кетті. Ал қоянның үйшігі сол қалпында қалды. Сонда түлкі қызғанып, қулығын іске асырмақ болды. Түлкі қоянға келіп:
Қоян, досым, тиын бізді қонаққа шақырып еді. Мен бара алмаймын, ауырыңқырап қалдым. Сен өзің бара ғой!
Жарайды, достым.- деді қоян.
Қоян қонаққа кеткенде, түлкі қызғаныштан оның үйшігін бұзып тастайды. Екеуінің достығы осымен бітті. Осы күнге дейін түлкі мен қоян араз.
Достарыңызбен бөлісу: |