«павлодар қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қазақ тілінен функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған мәтінге тест тапсырмалар жинағы»



бет20/87
Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#131102
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   87
Тест тапсырмалары
1. Ілік септігінде тұрған сөздерді анықтаңыз.
А) достығына, қызыға
В) үйшік, тиын
С) қонаққа, қамыстан
D) қулығын, күнге
Е) түлкінің, қоянның


2. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді табыңыз
А) үйшікті
В) түлкінің
С) достығы
D) тиын
Е) қонаққа


3. «Қоянның үйшігі» сөз тіркесін аударыңыз
А) Домик лисы
В) Домик белки
С) Домик зверей
D) Домик друзей
Е) Домик зайца


4. Жуан буынды сөздерді анықтаңыз
А) үйшікті, тиын
В) қамыстан , қонаққа
С) түлкімен, достығы
D) екеуінің, аңдар
Е) кеткенде, қоян


5. Берілген сөйлемнің жалғасын табыңыз
Баяғыда түлкі мен қоян ...
А) қызыға қарайтын.
В) бірге өткізеді.
С) мұздан жасады.
D) ауырыңқырап қалдым.
Е) дос болыпты.
21. Шалқан
Сөздік
бақша - сад
шалқан - репа
тартады - тянет
отырғызады - посадил
өседі – растет
өтегінен – за подол
суыра алмайды – не может вытянуть
тарта-тарта - тянет потянет
құйрық - хвостик

Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.


Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.
Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды.Шалқан шықпайды. Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп, мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта, ақыры шалқанды суырып шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет