Тест тапсырмалары
1. Екі қатаң дауыссыз дыбысы қатар тұрған сөзді табыңыз
А) Аққала
В) Балалар
С) Қысқы
D) Табиғат
Е) ағаш
2. Сөз тіркесін құраңыз
Аққала
А) қар
В) жасапты
С) көңілді
D) жасады
Е) ойнап жүр
3. Сөйлемді жалғастырыңыз
«Қыстың көркі –қар» демекші, ... .... .
А) айнала аппақ қар
В) қысқы табиғат аясында ойнап жүр
С) аққала жасапты
D) олар қардан аққала жасады.
Е) ақшақар жасапты
4. Толықтырыңыз.
Көзін ... , мұрнын ..., аузын ... басына ... кигізу арқылы жасапты.
А) көз, ауыз
В) сәбіз, мұрын
С) тас, сәбіз
D) шелек
Е) ағаш
5. Мәтіндегі мақалды көрсетіңіз.
А) Қалың киінген.
В) Аққала жасапты.
С) Қыстың көркі – қар.
D) Балалар көңілді.
Е) Қысқы табиғат.
56. Жаңа жыл жыры
Сөздік
Жаңа жыл – Новый год
жұлдызша - звездочки
мереке – праздник
жалауша - флажок
ойыншықтар – игрушки
қызық - интересный
Жаңа жыл өте көңiлдi мереке. Бiздiң мектепте жаңа жылға дайындалып жатыр. Шыршаға ойыншықтар, жұлдызша, жалауша iлдiк. Аяз ата балаларға сыйлық әкелдi. Балалар биледi. Қызық ойындар ойнады. Ақшақар маған өте ұнады.
(30 сөз)
Тест тапсырмалары
1. Сөздердің орысша баламасын сәйкестіріңіз
А) Жаңа жыл 1. Снегурочка
В) Балалар 2. Дед Мороз
С) Шырша 3. Дети
D) Ақшақар 4. Елка
Е) Аяз ата 5. Новый год
2. Шыршаға не ілінгенін көрсетіңіз
А) Аяз ата, ойыншық, кәмпит
В) жалауша, шырша, ойыншық
С) шырша, жұлдызша
D) ойыншықтар, жануарлар
Е) ойыншықтар, жұлдызша, жалауша
Достарыңызбен бөлісу: |