КІРІСТЕР, оның ішінде
|
255 809,0
|
257 878,1
|
315 840,6
|
327 574,5
|
САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР
|
112 838,4
|
114 576,1
|
146 815,8
|
156 005,0
|
САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕР
|
1 715,1
|
1 986,9
|
1 765,9
|
2 373,4
|
НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ САТУДАН ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕР
|
4 714,8
|
4 774,4
|
3 641,7
|
5 578,9
|
ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ТҮСІМДЕРІ
|
136 540,7
|
136 540,7
|
163 617,2
|
163 617,2
|
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІ ӨТЕУ
|
991,0
|
889,8
|
2 692,3
|
2 701,2
|
ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТУДАН ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕР
|
1 250,7
|
1 209,5
|
3,7
|
5,8
|
ҚАРЫЗДАР ТҮСІМІ
|
9 936,2
|
9 940,1
|
46 084,8
|
46 068,2
|
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҚАЛДЫҚТАРЫ
|
2 471,6
|
64,8
|
2 387,9
|
-13 010,7
|
Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары
|
|
2 478,8
|
|
2 413,9
|
Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары
|
|
2 413,9
|
|
15 424,7
|
БАРЛЫҚ КІРІСТЕР
|
270 458,5
|
272 396,3
|
367 009,3
|
378 763,6
|
ШЫҒЫНДАР
|
260 013,2
|
259 538,9
|
352 081,7
|
348 414,3
|
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР
|
4 160,4
|
4 158,8
|
3 942,2
|
3 939,3
|
ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТЫП АЛУ
|
1 153,9
|
1 153,9
|
3 138,6
|
3 138,6
|
ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ
|
5 130,9
|
5 130,7
|
7 846,8
|
7 846,7
|
БАРЛЫҚ ШЫҒЫСТАР
|
270 458,4
|
269 982,3
|
367 009,3
|
363 338,9
|
БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)
|
-7 276,9
|
-4 874,3
|
-40 625,9
|
-25 210,8
|
ТАПШЫЛЫҚТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
|
7 276,9
|
4 874,3
|
40 625,9
|
25 210,8
|
Павлодар облысы бюджетінің 2019 жылғы шығыс бөлігі жоспар 270 458,5 млн. теңге болғанда, 269 982,3 мың теңгеге немесе 99,8%-ға орындалды, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер жоспар 89 933,8 млн. теңге болғанда 89 866,7 млн. теңгеге немесе 99,9%-ға орындалды.
2020 жылы бюджеттің шығыс бөлігінің 2019 жылға қарағанда ұлғаюы байқалады, ол жоспар 367 009,3 млн. теңге немесе 99,0% болған кезде 363 338,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер жоспар 105 146,8 млн. теңге немесе 99,1% болған кезде 104 185,2 млн. теңгені құрады.
15. Павлодар облысы бюджетінің параметрлерінің орындалуын талдау бюджет тапшылығының 2019 жылғы 7 276,9 млн. теңгеден 2020 жылы 40 625,9 млн. теңгеге дейін немесе 5,5 есеге айтарлықтай ұлғайғанын көрсетеді.
2020 жылы облыс бюджетінің тапшылығын қаржыландыру 46 084,8 млн. теңге сомасында қарыз тарту арқылы көзделді, олардың мәні 2019 жылмен салыстырғанда 9 936,2 млн. теңгеден 4,6 есеге артты.
Іс жүзінде 2020 жылы 46 067,3 млн. теңгеге қарыздар тартылды, оның ішінде республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер – 3 934,8 млн. теңге, ЖАО мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу есебінен «Бәйтерек Девелопмент» АҚ қаражаты – 42 132,5 млн. теңге (соның ішінде 0,35%-бен 5 000,0 млн. теңге, 2022 жылға дейінгі мерзіммен 4,25%-бен 6 000,0 млн. теңге, 2030 – 2032 – 2036 жылдарға дейінгі мерзіммен 6,1%-бен 31 132,5 млн. теңге және т.б.).
Нәтижесінде 2036 жылға қарай өтеуге жататын Павлодар облысы бюджеті міндеттемелерінің жалпы сомасы 67 988,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде сыйақылар – 21 921,1 млн. теңге.
Бұл ретте, шығыстар мен түсімдерді, сондай-ақ бюджет тапшылығын жоспарлау жеткілікті дәрежеде тиімді жүзеге асырылмаған.
Мәселен, 2020 жылға арналған түсімдерді 315 840,6 млн.теңге сомасында болжау кезінде бюджет процесіне тиісті мониторингтің болмауы жыл соңына 15 404,2 млн. теңге сомасында, соның ішінде түсімдер жоспарын 11 733,8 млн. теңгеге асыра орындау (нақты орындалуы 327 574,5 млн. теңге) есебінен бюджет қаражатының бос қалдықтарының пайда болуына және 3 670,4 млн. теңге сомасында қаражаттың игерілмеуіне әкеп соқты.
Нәтижесінде бюджеттің нақты тапшылығы барлығы жоспар бойынша 40 625,9 млн. теңге болғанда, 25 210,8 млн. теңге деңгейінде қалыптасты немесе болжамнан 15 415,0 млн. теңгеге кем.
Осылайша, 2020 жылы бюджет тапшылығын жабу үшін 40 625,9 млн. теңге сомасында қарыздар тарту игерілмеген, сондай-ақ жалпы сомасы 15 404,2 млн. теңге бос бюджет қаражатының қалдықтары болған кезде жүзеге асырылған, бұл өңір міндеттемелерінің 67 988,3 млн. теңгеге ұлғаюына әкелді.
Облыста сомасы 16 212,9 млн. теңгеге 19 МЖӘ жобасы іске асырылуда, олар бойынша 9 355,2 млн. теңгеге инвестициялық және операциялық шығындарды өтеу бойынша 2024 жылға дейінгі мерзімге міндеттемелер қабылданды, оның ішінде 6 271,1 млн. теңге орындалды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар
1. Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша 447,6 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 48 394,0 млн. теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және тиімсіз пайдалану, 154,5 млн. теңгеге ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда, 215 рәсімдік бұзушылық анықталды.
2. Есеп комитетінің 2018 жылы жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша берген тапсырмаларын орындауға формальды түрде қарау байқалады.
Мәселен, 2018 жыл - 2021 жылдың ағымдағы кезеңі аралығында тапсырмалық тармақтардың орындалуы 7 рет ұзартылды, оларды ескере отырып, 9 тармақтан іс жүзінде бар болғаны 7 орындалған. Бұл ретте облыстың 23 медициналық ұйымының Есеп комитеті Нұсқамасының орындалуы туралы анық емес ақпарат беру фактісі анықталды.
3. Қазақстанның минералдық – шикізат кешенінде көшбасшы өңірлердің бірі болып табылатын Павлодар облысының елеулі экономикалық әлеуетіне қарамастан, ЖӨӨ нақты өзгеру көрсеткішінің өткен жылға қарағанда %-бен 2019 жылғы 105,3%-дан 2020 жылы 96,6%-ға дейін төмендегені байқалады.
4. Өңірдің ӘЭДБ көрсеткіштеріне қол жеткізбеу үрдісі сақталуда, олардың саны 2019 жылғы 38%-дан 2020 жылы 43%-ға дейін ұлғайды.
5. 2019 – 2020 жылдары көлемі 106 млрд. теңгеден асақан ауыл шаруашылығына инвестициялар ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің импортын алмастыруға ықпал етпеді, бұл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігі үшін елеулі тәуекелдерге әкеп соғады.
6. Демографиялық және көші-қон процестерін мемлекеттік реттеу жеткілікті дәрежеде нәтижелі емес, бұл 2016-2020 жылдар кезеңінде өңір санының 757-ден 751 мың адамға дейін қысқаруына әкелді. Бұл ретте көші-қонның теріс сальдосын сақтай отырып, туудың бір мезгілде төмендеуі кезінде қайтыс болғандар санының өсу серпіні байқалады.
7. Түсімдер бойынша облыс бюджетінің параметрлерін 2019 – 2020 жылдарға жоспарлау кезінде олардың жоспарлы мәндерін 2-ден 25 есеге дейін төмендету фактілеріне жол берілген, бұл олардың 101%-дан 153%-ға дейін асыра орындалуына әкелген.
Мысалы, 2019 жылы салықтық емес түсімдердің көлемі 590,8 млн. теңге сомасында бекітілді, ол 1 715,1 млн. теңгеге дейін түзетілген, ал нақты орындалуы 1 986,9 млн. теңгені (115,8%) құрады немесе бастапқы бекітілген болжамнан 3,3 есе төмендеген; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің көлемі 49,2 млн. теңге сомасында бекітілген, ол 1 250,7 млн. теңгеге дейін түзетілген, орындалуы 1 209,5 млн. теңгені (96,7%) немесе бастапқы бекітілген болжамнан 25 есе төмендеген.
8. Облыс бюджетін жоспарлаудағы кемшіліктер 2020 жылы бюджет тапшылығының ұлғаюына алып келді, оны жабу қарыздар тарту есебінен жүзеге асырылған.
9. Бұл ретте, сапасыз болжамдау жыл соңына 15,4 млрд. теңге сомасында, оның ішінде түсімдер жоспарын 11,7 млрд. теңгеге асыра орындау және 3,7 млрд. теңге сомасында қаражаттың игерілмеуі есебінен бюджет қаражатының бос қалдықтарының пайда болуына әкелді.
Нәтижесінде бюджеттің нақты тапшылығы бар-жоғы 25,2 млрд. теңгені немесе болжамнан 15,4 млрд. теңгеге кем болды, бұл өңір міндеттемелерінің 67,9 млрд. теңгеге ұлғаюына әкелді.
10. Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуді тиісінше бақылаудың және іске асырылу барысын мониторингілеудің болмауы нысаналы индикаторлар мен іс-шараларға қол жеткізбеуге әкеп соғады.
11. АДБ-ның нысаналы индикаторларына қол жеткізу мақсатында оларды түзету, сондай-ақ іс жүзінде орындалмаған кезде іс-шаралардың ішінара орындалуы туралы есептік деректерді бұрмалау фактілері анықталды.
Мысалы, Павлодар облысының әкімі қол қойған АДБ іске асыру туралы 2020 жылғы есепте 11 іс-шараның орындалмауы, сондай-ақ пайдалануға беру актілерін қабылдауды білдіретін, іс жүзінде қабылданбаған 46 іс-шараның ішінара орындалуы туралы ақпарат көрсетілген.
12. Нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылған 216 іс-шараның 57-сі немесе 26%-ы орындалмады, оларды іске асыруға 6 950,3 млн. теңге жұмсалған.
13. 883,4 млн. теңге сомасына Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының құндық сипаттамаларына сәйкес келмейтін 6 бюджеттік инвестициялық жобаны, сондай-ақ экономикалық қорытынды болмаған жағдайда 147,8 млн. теңгеге 1 жобаны жоспарлау және іске асыру фактілеріне жол берілген.
14. 2015 – 2020 жылдары пайдалануға беру актілерінің болуына қарамастан, құны 68 219,0 млн. теңге болатын коммуналдық меншіктің 113 объектісін пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне беру бойынша шаралар қабылданбайды, бұл салық аударымдарының мүмкін болмауына және жергілікті бюджеттің 39,6 млн. теңгеге экономикалық шығындарына әкеп соқты.
15. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің мүліктік кешендерінің құрамына аудандық коммуналдық мүлікті беру қажеттілігі туралы 2014 жылғы 24 ақпандағы №148 қаулының талабы болған кезде төменгі деңгейдегі білім беру объектілерін облыстық деңгейдегі меншікке беру қажеттілігі туралы Үкіметтің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №608 қаулысының қабылдану фактісі анықталды.
16. Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына жалпы құны 8 174,9 млн. теңге болатын, дамытуға және күтіп-ұстауға 2019 – 2020 жылдары 15 906,0 млн. теңге жұмсалған Павлодар облысының 6 сумен жабдықтау ұйымын енгізу саны 104 мың адам халықты үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылаудың болмауымен, тарифтердің ықтимал ұлғаюымен, пайдаланушы ұйымдардың болмауымен және т.б. байланысты елеулі тәуекелдерге әкеп соғады.
17. Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және жоғары тұрған әкімшілермен келісу тәртібін сақтамайды, бұл қол жеткізуге жоспарланған нәтижелер көрсеткіштерінің сапасына, оларды іске асырудың уақтылығы мен толықтығына әсер етеді.
18. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға арналған жобалау – сметалық құжаттаманы әзірлейтін жобалау ұйымдарына жергілікті атқарушы органдардың тиісті бақылауының болмауы сапасыз ЖСҚ әзірлеуге, пайдалануға берудің жоспарлы мерзімдерінің бұзылуына, сондай-ақ сметалық құнының өсуіне алып келді.
19. Бекітілген жобада электр беру желілері өтетін учаскеде жасыл желектерді бұзу бойынша жұмыстардың болмауына байланысты Павлодар қаласында сметалық құны 2 689,7 млн. теңге болатын «Сарыарқа» шағынауданының инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыру бойынша жұмыстарды уақтылы аяқтау қамтамасыз етілмеді, бұл ЖСҚ-ға түзету енгізуді және пайдалануға берудің жоспарлы мерзімінің бұзылуын талап етті.
Өз кезегінде, Ақсу қаласында қазандық салу бойынша жоба техникалық – экономикалық негіздемені әзірлеу сәтінен бастап 2014 жылғы мамырдан 2020 жылғы ақпанға дейін 6 рет түзетуден өткен, нәтижесінде оның сметалық құны 6 385,1 млн. теңгеден 12 388,7 млн. теңгеге дейін 2 есе ұлғайды.
Сонымен қатар, пайдаланушы ұйымды айқындау, сондай-ақ жылу энергиясы мен ыстық сумен жабдықтауға жаңа қазандықтың тарифін белгілеу жөніндегі мәселе түпкілікті шешілмеген күйінде қалып отыр, бұл оның пайдалануға берілгеннен кейін жұмыс істеуі үшін теріс тәуекелдерге әкеп соғуы мүмкін.
20. Субсидиялау қағидаларында, сондай-ақ субсидиялау шарттарында субсидияланатын ауыл шаруашылығы өніміне бағаны ұстап тұру жөніндегі талаптардың болмауы себебінен АӨК субъектілерін дайын өнімнің құнын арзандату түрінде субсидиялауға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың негізгі мақсатына қол жеткізілмейді.
21. «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК қаржылық лизинг шеңберінде бекітілген нормативтен тыс сомасы 2 569,0 млн. теңгеге 70 бірлік санитариялық көлік сатып алуды жүзеге асырған, бұл 2025 жылға қарай республикалық бюджет қаражатының сыйақы сомасын 835,0 млн. теңгеге артық төлеуге алып келеді. Бұл ретте сатып алынған көлік Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларында көзделгендей емес, толық жабдықталмаған күйінде сатып алынды.
22. Короновирустық инфекциямен күрес шеңберінде 2020 жылы Павлодар облысының 38 медициналық ұйымының 14-і, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 22 медициналық ұйымның 11-і тиісті лицензиясыз медициналық көмек көрсетті.
23. Халықты вакцинациялаудың әлсіз қарқыны байқалады, оның деңгейі небары 57% - ды құрайды. Бұл ретте вакцинацияланбаған халықтың 43% - ының шамамен 30% - ы халықпен жиі байланыста болатын контингенттің өкілдері болып табылады.
24. Бюджетті атқару процесінде бюджет қаражатын игеру кезінде де, игермеу кезінде де бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбеу фактілеріне, сондай-ақ оларды іске асыру мерзімдерінің созылуына әкеп соқтыратын инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды сапасыз жоспарлау фактілеріне жол берілген.
Мысалы, Павлодар қаласында 598,5 млн. теңгеге «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінің жылумен жабдықтау желілерінің құрылысы желілердің өту учаскесіндегі ескі үйлерді алдын ала бұзбай басталған, ал кальцийленген сода өндіру зауытын 414,3 млн. теңгеге коммуникациялармен қамтамасыз ету үшін инженерлік желілердің құрылысы зауыттың өзі болмаған кезде жүзеге асырылған, бұл оларды пайдаланудың мүмкін болмауына және сақталуын қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерге әкеп соқты.
25. Білім беру объектілерін уақтылы аяқтамау Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының балаларды біліммен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларының бұзылуына әкеп соғады.
26. Павлодар қаласының 10 мектебінде білім беру процесі қаланың 16 мектебінде оқушы орындарының шамадан тыс артық болуына қарамастан, үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады.
27. Павлодар облысының үш денсаулық сақтау объектісін жобалау құрылыс қызметі саласындағы нормативтер бұзыла отырып жүзеге асырылған, бұл медициналық жабдықтың сметалық құнына олардың құнын растайтын сараптамалық қорытындысыз 4 145,4 млн. теңгеге қосуға әкелді.
28. Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының жаңа корпусының құрылысы шеңберінде 752,5 млн.теңгеге сатып алынған операциялар мен анестезия жүргізу үшін медициналық жабдық 2020 жылғы 30 желтоқсаннан бастап пайдаланылмайды.
29. Құны 7 382,0 млн. теңге тез тұрғызылатын модульдік аурухананы уақтылы пайдалануға беру қамтамасыз етілмеген, ол денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйымға берілмей, жұмыс істейді және Құрылыс басқармасының балансында есепте тұр.
30. Сатып алынған тез тұрғызылатын модульдік аурухананы жарақтандыру Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыным – хатының негізінде жүзеге асырылған, онда медициналық техника мен жабдықтың жасақталуы мен техникалық сипаттамаларына қойылатын нақты талаптар қамтылмаған, ал құны мен функционалдық мүмкіндіктері сол талаптарға байланысты болады, бұл әлеуетті өнім берушілердің құнын бақылау мүмкін болмайтын кез келген жабдықты жеткізуінің елеулі тәуекелдеріне әкеп соғады.
31. Құрылыс барысында Құрылыс басқармасы, Павлодар және Екібастұз қалаларының құрылыс бөлімдері бекітілген жобалау құжаттамасына өзгерістерді түзетусіз және қайтадан мемлекеттік сараптамадан өткізбей, жүйелі түрде енгізу фактілеріне жол береді, бұл жобалық шешімдерден ауытқуға, сондай-ақ ЖСҚ толық сәйкес келмеген кезде объектілерді пайдалануға қабылдауға әкеп соғады.
32. Құрылыс жұмыстары нақты орындалмай, 731,5 млн. теңгеге ақы төлеуге қабылдау фактілері анықталды. Бұл ретте Павлодар қаласының құрылыс бөлімі бұрын төлем жүргізілген орындалған жұмыстардың актілері негізінде «Мехколонна №59» құрылыс-монтаж фирмасы» ЖШС мердігерлік ұйымының пайдасына төлем жүргізген.
33. Бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып, Павлодар қаласының құрылыс бөлімі орындалмаған жұмыстар үшін аударған, осы мақсаттар үшін екінші деңгейдегі банкте ашылған эскроу – шотта есепте тұрған 218,5 млн. теңге сомасындағы қаражаттың қалдықтарын республикалық бюджеттің кірісіне қайтару қамтамасыз етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |