Павлодар облысы айтарлықтай экономикалық әлеуетке ие индустриялық өңір болып табылады және 10 аудан мен 3 қаладан тұрады.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 752,2 мың адамды құрады, халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 6 адам, оның үштен екісінен астамы қала халқына тиесілі.
Павлодар облысы Қазақстанның минералдық – шикізат кешеніндегі жетекші өңір болып табылады, оған көмірдің баланстық қорының 35,7%-ы (бірінші орын), никельдің 16%-ы (екінші орын), алтынның 5,2%-ы (төртінші орын), мыстың 3,7%-ы (бесінші орын), молибденнің 2,3%-ы, мырыштың 0,9%-ы, қорғасынның 0,3%-ы, бариттің 1,7%-ы тиесілі.
Ферроқорытпалар өндірісінің республикалық көлемінде облысқа – 62,7%, өңделмеген алюминий мен алюминий оксиді – 99,5%, электр энергиясы – 40,8% тиесілі.
Энергия тапшы өңір бола тұра, облыстың электр станциялары электр энергиясының бір бөлігін шектес мемлекеттерге экспорттай отырып, шаруашылық – өндірістік кешен мен халықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Экспортта негізгі үлесті металдар мен оның бұйымдары алады – 57,1%, минералды өнімдер – 29,4%, химиялық өнеркәсіп өнімдері – 8,8%, машина жасау – 2,3%.
Облысқа негізгі капиталға республикалық инвестициялар көлемінің 3,9%-ы тиесілі, олардың жалпы көлемі 2017 – 2020 жылдары 1 877 527,1 млн. теңгені құрады. Көрсетілген кезеңде инвестициялардың ең көп түсімі «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жаңғырту жобаларын іске асыру (жалпы құны 180 млрд. теңге); «Проммашкомплект» ЖШС теміржол мақсатындағы дөңгелектерді шығару (54,1 млрд. теңге); «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ №5 Энергия блогын реконструкциялау (58,2 млрд. теңге); «Қазхром ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының № 6 цехын (№64 пеш) реновациялау (25,9 млрд. теңге) есебінен қамтамасыз етілді.
Павлодар облысының әлеуметтік – экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – ӘЭДБ) өңірдің әлеуметтік – экономикалық даму векторын айқындайтын және бюджетті қалыптастыру үшін база болып табылатын негізгі құжат болып табылады.
2019 - 2023 жылдарға арналған ӘЭДБ Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №335/5 қаулысымен бекітілген, онда 34 көрсеткіш көзделген. 2020 - 2024 жылдарға арналған ӘЭДБ Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №285/2 қаулысымен бекітілген, онда 35 көрсеткіш көзделген.
1. ӘЭДБ көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау 2019 жылмен (38,2%) салыстырғанда 2020 жылы болжамды мәндерге қол жеткізбеудің өскенін (43%) көрсетті. Мәселен, 2019 жылы 34 көрсеткіштің 13-іне қол жеткізілмеген, 2020 жылы 35 көрсеткіштің 15-іне қол жеткізілмеген (1-қосымша).
Мысалы, ауыл, орман және балық шаруашылығының нақты көлем индексінің көрсеткіші 2019 жылға жоспарда 103,9% болғанда 99,9% мәнге ғана жетті.
2. Өңірдің агроөнеркәсіптік кешені баяу қарқынмен дамуда. 2019 жылы ауыл шаруашылығы саласына инвестициялар статистика деректері бойынша 53,8 млрд. теңгені, 2020 жылы 53,1 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылға қарағанда 1,3%-ға төмендеді. Алайда, көрсетілген инвестициялар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекелеген түрлерінің экспорты мен импорты арасындағы теңгерімді толық көлемде қамтамасыз ете алмады, соның ішінде:
1) ет - экспортталғаны 7 644,5 т., импортталғаны 43 919,0 т. немесе 36 274,5 теңгеге артық (474,5%);
2) сүт және сүт өнімдері – экспортталғаны 999,1 т., импортталғаны 26 144,8 т. немесе 25 145,7 т. артық (2516,8%);
Сондай-ақ, келесі өнімдер бойынша 2015 жылмен салыстырғанда 2019 жылы импорттың өскенін атап өткен жөн:
1) балық және балық өнімдері 695,8 т. немесе 21,4%-ға;
2) ұн өнімдері, шоколад 461,6 т. немесе 6,9%-ға.
3. Негізгі әлеуметтік маңызы бар өнім импортының басым болуы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігі үшін елеулі тәуекелдерге әкеп соғады.
4. Көтерме және бөлшек сауда көрсеткіші өткен жылға қарағанда %-бен 2020 жылға жоспар бойынша 100,1% болғанда, бар болғаны 95,9%-ды құрады, бұл ретте оның мәні 2019 жылы 107%-ды құрады.
5. ЖӨӨ нақты өзгеру көрсеткішінің өткен жылға қарағанда %-бен 2019 жылғы 105,3-тен 2020 жылы 96,6-ға дейін айтарлықтай төмендеуі өңірдің экономикалық проблемаларын көрсетеді.
Павлодар облысының ЖӨӨ НКИ серпіні
6. Көлік және қоймалау көрсеткіші 38 578,0 млн. теңгеге қо
л жеткізілмеген, өткен жылға қарағанда %-бен жоспар 100,5% болғанда 69,5%-ға дейін күрт төмендеген.
7. Ақпарат және байланыс көрсеткіші бойынша өткен жылға қарағанда %-бен 2019 жылы жоспар 100,5% болған кезде 100,3%-ға, ал 2020 жылы жоспар 101% болған кезде 99,3%-ға қол жеткізілмегені байқалады.
8. Сондай-ақ, өткен жылға қарағанда жоспар 104-106% болғанда, 107,9%-ды құраған инфляция деңгейінің артуы байқалды.
9. Өңірдің демографиялық көрсеткіштері ерекше назар аударуды талап етеді. Соңғы бес жыл бойы көші-қонның теріс сальдосы сақтала отырып, бір мезгілде туылу төмендегенде, қайтыс болғандар санының ұлғаюы сақталып келеді.
Кесте. Павлодар облысы халқы санының серпіні (адам)