Зерттеу пәні: тарих
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, талдау, зерттеу әдістері пайдалану.
Зерттеудің объектісі: Қазақ халқының баспанасының бірі, тамаша үлгісі, «киіз үй» адамның өмірінде алған орыны
Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік
1.Киіз үй – ата-бабамыздың жайлы қонысы. Киіз үй - «Атамыз -Алаш, керегеміз - ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Арғы Сақ, Ғұн заманынан бері, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені, қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Киіз үй қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де таңбасы, белгісі. Оның дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Өйткені қазақ халқының салт-дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты. Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп беретін ең қолайлы жәдігер. Киіз үйдің жалпы салмағы жиһаздарымен қосқанда 300-400 келіге жуық. Бұл салмақты бір түйе еркін көтере алады.
Киіз үй – жер бетіндегі ең жеңіл тұрғынжай. Оны бірнеше сағат ішінде “тұрғызуға”, яғни тігуге болады, сондай-ақ соншалықты мерзімде жығып, өзіңмен бірге алып кетуге болады. Киіз үй – көшпелілердің ғаламат өнертабысы. Оның жасы, шамасы, көшпелілер дүниеге келген уақытпен парапар болар. Біз әңгіме етіп отырған киіз үй біздің заманымыздың
1 мыңжылдығының ортасында пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |