Павлодар облысы Баянауыл ауданы С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі



бет6/8
Дата19.01.2022
өлшемі36,44 Kb.
#129528
1   2   3   4   5   6   7   8
3. Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді.
Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп, кішірейтіп, тіпті бір-біріне қосып, екі-үш бөлмелі етіп тігуге де болады. Туырлықтан жазда ыстық, қыста суық, жауында су етпейді. Кейде қыстан киіз үймен шығатын қазақтар туырлықты екі қабат етіп жабады. Үй іргесін шөппен бітеп, айналасын қамыспен шалылап, қоралайды. Көбінесе қопалы, қамысты жерді паналайтындықтан, жел де көп болмайды. Міне, осындай үйде ел даңқын асырып, намысты қолдан бермеген данышпандарымыз бен батырларымыз туып, өскендігін мақтанышпен айтуға болады.

Үй тігу мен жығу дегеніміз – тұтас бір рәсім. Дәстүр бойынша оны бірер ер адам мен екі-үш әйел тұрғыза береді. Олар әуелі ағаш есікке қос қапталынан екі кереге-қанатын бекітеді, сосын қалған қанаттарын (төрт, алты... он екі болуы мүмкін) жалғастырып, дөңгелектеп, үйдің негізгі қаңқасын  іргесін тұрғызады. Сосын оның ортасынан жоғары қарай, бақанға іліп, шаңырақты көтереді. Ол, әдетте, ер адамның, отағасының міндеті. Шаңырақ жасау  үшін жаз ортасына дейін кесілген шырынды қайың ағашын иіп кептіреді.

Шаңырақ - өзіндік бір астрономиялық құрал. Оның күлдіреуші үш не бес талдан тұратын айқыш тіреуіші – дүниенің төрт жағына нұсқап тұрады. Ал шаңырақ сақинасының өзі – бейне-бір көкке көз салған телескоп секілді. Шаңырақ күлдіреуішімен бөлінген аспан кеңістігіндегі жұлдыздардың орналасуына қарай, үй тұрғындары көшіп-қону уақытын дәл анықтайтын болған.

Кереге киіз үйдің негізін құрайды. «Керегең кең болсын» деген тілек осыдан шыққан. Өйткені үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге байланысты. Кереге құрайтын ағаштарды желі, оның ұзынын ерісі, қысқаларын сағанақ, балашық деп атайды. Желілердің басы мен аяғына әдемілік үшін ойып, сызықтар (ыру) жүргізеді. Желілерді тесіп, түйенің мойын терісі немесе өгіздің бас терісінің сірісі (қайыстары) арқылы көктейді. Керегенің басы мен аяқ жағы сәл шалқайтыла, ал ортасы дөңестеу жасалады. Дайын керегені қанат деп атайды, яғни 18 қанат үйде 18 кереге болады. Кереге көзінің үлкен-кішісіне қарап торкөз, жел көз деп бөледі. Торкөзді кереге әдемі әрі берік болады.

Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік - сықырлауық - ағаштан жасалады, екіншісі - киіз есік - киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан жабылады. Киіз есік ашық күндері маңдайшаға дейін шиыршықталып жиналып қойылады, жай күндері күн түспес үшін, оның бір жағы бақан арқылы ашық тұрады.
Ағаш есік маңдайша, екі босаға, табалдырық және екі жарма есіктен құралып, керегеге бекітіледі. Керегелер бір-біріне таңғыш құр арқылы жалғасады. Кереге бастары арқылы тартылатын бас арқан маңдайшаның екі жағына мықтап байланады. Үйдің барлық ауырлығын ұстайтын, беріктігін сақтайтын бас арқан. Сәндік үшін бас арқан тұсынан және кереге басы туырлықты қажамас үшін басқұр жүргізіледі.

Уық - кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Уық алақан, иіні, қары және қаламы деген атаулардан тұрады. Ол иінінен ішке иіле жасалады, яғни үйдің күмбезді үлгісі осы уықтан басталады. Шаңырақ - киіз үйдің қасиеті, киелі мүлкі. Қазақтың көптеген жақсы сөздері осыған байланысты айтылады. Шаңырақ «үй, отбасы - деген мағынаны да білдіреді. «Шаңырағын биік болсын» деген тілек бар. Киіз үй шаңырағы: тоғын, күлдіреуіш, кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғынды, яғни шеңберді, қайыңнан оюлап, өрнектеп жасайды, жиілеп қаламдық ояды. Күлдіреуіш шаңырақ күмбезін жасайды. Кепілдік күлдіреуіштің орнынан қозғалып кетпеуі үшін қызмет етеді.

Үйші үй сүйегін толық жасап болғаннан кейін, оны қызыл түсті жосамен немесе қызыл, көк бояулармен бояйды. Егер үй қайыңнан жасалса, оны өсімдік майымен майлайды. Ол ағашқа піл сүйегі түстес өң береді, әрі оған су сіңбейді. Салтанатты ордалардың шаңырағын, уығын, кереге басын, маңдайшасын оюлайды, өрнектейді. Ауқаттылар күміспен, сүйекпен, мүйізбен әшекейлейді.

Үй сүйегі әзір болған соң, оның киіздері жасалады. Киіздері кереге бойына туырлық, шаңыраққа дейін үзік, шаңырақты жабатыны түндік және киіз есік деп аталады. Олар қойдың ақ күзем жүнінен басылады. Ертеректе қазақта қой көп. Сондықтан киіз үйге қажетті материал жеткілікті болған. Міне, осы жүннен үй киіздері дайындалады. Қазақ даласында жүннің көптігі (С.Мұқанов «Халық мұрасы», 99-бет. 1974 ж) Оның әзірлеу, дайындау, пішу жолдары ұзақ бір ғылыми этнографиялық шығармаға лайық. Киіздер құр, баулар арқылы тұтылады. Олар туырлық бау, түндік бау, үзік бау, жел бау деп аталады. Туырлық пен үзіктердің өзара айқасатын жерін жабық дейді. Туырлық пен үзік баулары кестелі. Оюлы жалпақ құрдан жасалып, үйге көрік беріп тұрады. Киіз сыртынан жел көтермес үшін екі белдеу арқан тартылады. Үйге қолданылатын арқан түрлері де көп.

Шаңырақта желбау деп аталатын ою-өрнекті. 4 шашақты бау болады. Ол желді күні шаңырақты бастыруға, көшкенде байлауға аса қажет. Жай күндері үйге әсемдік, көрік беріп тұрады.
Үй киіздерін әзірлеп болғаннан кейін, оны ақ бормен немесе күйген сүйекпен борлайды. Бұл әдемі ақ түс береді, әрі киіздердің берік болуына, су, жылу, суық өтпеуіне едәуір әсер етеді.

          Киіз  үйдің  бір  бөлшегі -  кәдімгі  ши.  Оны  жүнмен  орап,  кілем,  текемет  түсіндей  оюлармен  безендіріп  тоқиды.  Оны «шым ши»  дейді,   ораусыз шиді  «ақ ши»  дейді. Ши  кереге  мен  туырлықтың  екі  ортасына  келеді.  Оның  әсемдікке  әрі  жылыққа  әсері  мол.  Сондай -  ақ  ши  тұрғанда  сырттан  құрт-  құмырсқа,  кесіртке,  жылан,  тағы  басқа  жәндіктер  кіре  алмайды.

         4. Киіз  үй  түрлері   және  қолданылу ерекшеліктері.

     Орда -  салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса  құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да  бірнеше түрі бар.

     Алтын  орда – 30 қанаттан ( керегеден) тұратын ханның мәжіліс ордасы.

      Алтын үзік -  аса лауазымды хан отбасы  тұратын 24 қанатты үй.

     Ақ шаңқан – 18  қанатты  ақ  орда, 12  қанат – елбасылар,  бай,  билер тұратын  киіз үйлер.

     Ақ  ала орда -  8  қанатты   дәулетті бай үйі.

     Ақ үй – 6 қанатты дәулетті адамдардың үйі.

     Боз үй,  қоңыр үй - 4-5  қанатты орташалар  тұратын  қарапайым киіз  үй.

     Қараша үй  - кедей үйі.

     Отау – жас жұбайлар үйі.

     Жолым үй,  абылайша,  жаппа -   уақытша  ғана  отыратын  шағын  немесе жартылай тігілетін  үйлер.

     Күрке,  қос- ауылда  ас  сақтайтын,  далада  малшылар  тұратын  немесе кедейлер үйлері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет