Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ағашорын ауылы «Ағашорын жалпы орта білім беру мектебі» кмм ғылыми жоба тақырыбы



бет3/8
Дата13.09.2022
өлшемі38,36 Kb.
#149417
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мағжан Жұмабаевтің «Батыр Баян» поэмасы

1.1ТАРИХИ СЮЖЕТТЕР.

Мағжанның тарихи тақырыпқа жазылған «Батыр Баян» поэмасы Абылай дәуіріндегі қазақ батырларының ерлігін өзек етеді.Ақын шығармаларының мазмұны мен тақырып ішкі бірлік сақтай отырып, Баян образы арқылы батырлықты жырлайды. Поэма Ш.Уалиқановтың «XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар»[2.221 б.] атты мақаласына негізделгені анық. Мағжан тіпті кейбір батырларға берген мінездемесінде Шоқанды сөзбе-сөз қайталайды.


Егер Шоқан мақаласымен «Батыр Баян» поэмасын салыстырып қарасақ, сәйкестікті анық байқаймыз: «Баталинец Уразумбет-баты славился удивительною ловкостью и быстротою действия»
Мағжанда: «Балталы екпінді оттан Оразымбет»
Шоқан: «Хан стоял на сборном месте, не двигаясь:он дожидался храброго батыра Баяна, не смотря на ропот других батыров»
Мағжанда: «Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,
Келмесе қандыбалақ Батыр Баян!» - деген жолдарда Баян батырлығының құдіреті ашылған.
Шоқан: «Хан два раз повторял свое, он два раза отвечал свое. Хан остался на своем»
Мағжанда: «Тоқтады Баян, Абылай тағы өз сөзін
Қайта айтты, біраз шытып қарлы жүзін.
Хан да екі, Баян да екі қайырысты,
Алмастан бір-біріне тіккен көзін,» - деген жолдарда Баянның ержүрек мінездері сомдалған.
Ал поэма құрылысындағы Абылай хан образының тарихи салмағы Баянның батырлық табиғатын ашуға шебер қызмет еткен:
Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,
Келмесе қандыбалақ Батыр Баян!
Қорыта айтсақ, Ш.Уалиханов деректеріндегі Баян батырлығына да баға Абылай аузымен беріледі. Мағжан осы тарихи оқиға арсына махаббат проблемасын, яғни жеке адамның жан-дүниесін араластыру арқылы, Баянның батырлық қана емес, туысқанды, ғашықтық, патриоттық сезімдер арпалысындағы үлкен психологиялық портретін жасаған. Бұл туралы М.Әуезов былай дейді: «...тарихи оқиғалар өз тұсында көпке жайылған жанды әңгіме болып жүрсе, кейде ақындардың қолына жетіп, өлең өлшеуіне түседі. Тарихта болған оқиға өлеңге айналған соң өзі ескінің тарихы болып жоғалмайтын болады... Нағыз тарихи өлеңдердің басталған кезі Абылай заманынан бері қарай»[3.141]
Ақын Баян образын әдеби контексте махаббат оқиғасымен байланыстыру арқылы батырдың жеке трагедиясын ашады. Яғни, ақын көркем шығармада Баянның батырлығының аясында оның адами табиғатын танытқан. Поэманың композициялық құрылысын оқиға дамуымен байланыстыра жүйелер болсақ,сюжеттік кестесі былай бейнеленеді:
-Жауға қарсы жиналған батырлар Баянды күткен хан;
-Баянның жау қызына ғашықтық сезімі, тұтқын қыздың өз еліне деген махаббаты;
-Батырдың інісі Ноянның жау қызына деген махаббаты;
-Ноян мен тұтқын қыздың өлімі.Баян трагедиясы;
-Көп пікірі: киелі Абылайхан, бағы қайтқан Батыр Баян;
-Батыр Баянның жеке шешімі. Өлім.
Поэмадағы оқиғаларды шебер қоюластыру арқылы ақын қоғамдағы саяси-әлеумттік қақтығыс пен жеке бас трагедиясын нанымды байланыстырған. Оқиға тұсындағы қоғамның саяси-әлеуметтік бетін де ақын тарихи деректермен бейнелейді. Мысалы:
Қиын күн туған алаш баласына,
Кез болған жаудан үркіп, Ақтабанға,
Дұшпанның қалғандай боп тобасына,
Күндерде сонау қара, тапсырған ел
Тағдырын Абылайдай данасына.
Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ,
Жақыннан тыншытпайды ауыр қалмақ.
Артында-ор, алдында-көр, жан-жағы жау,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап,
Күндердің бір күнінде хан Абылай
Қалмаққа ойына алды ойран салмақ.
Мағжанның осы жолдары М.Әуезовтың «Тарихи өлеңдер» туралы мақаласындағы мына пікірмен дәлме-дәл: «Орысқа бағыну елдің, алдына ұсынған сыбағалы табақтай болып, еріксіз бой ұсындыруға айналды. Ел өмірі мен әдебиеті тарихында осы дәуірден қалған белгілер көп. Әдебиетте қалың елдің бұл қайғысы Абылай айналасынан шығады. Абылай маңына жиналады. Ал сол аласапыран дәуірде қалың елдің "қайрандап жан қала ма" деген Қазықұрттай үміті жалғыз ғана Абылай басында болған болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін, ту көтеріп бір араға жиған Абылай болатын. Бұлай болса, кейінгі заманда туатын үлке тарихи оқиғалар мен тарихи жырлары түгелімен Абылай заманынан суат алады»[142-143]
Мағжан поэмасында да қазақтың киелі рәсімі-ант беру өлім оқиғасы үстінде Баян аузымен айтылады:
Ел беті енді маған болсын арам,
Алашым, аттанамын, жауыңда өлем!
Ежелден қазақта кек алу, күнә жуу өзара салмағы терең және өмір мен өлімге пара-пар ұғымға ие болған. Халқының батырлығын көрсету немесе батыр даңқын арттыру мақсатында, әлде Жанатай соғысының үлгісіне сүйенді ме, поэмада майдан даласындағы әскер санының тепе-теңдік сәйкестігі сақталмаған. Мысалы:
Жүз қыран мың сан қолға араласты,
Орғыған асқар таудан судай тасты,
Аз болса бір қазаққа жүз қалмақ кеп,
Ат қойып қиқу салып, қамаласты.
Осы сұмдық дәлдікпен бейнеленген шебер сурет-қазақ тарихы жаугершілік заманына жырмен жазылған ескерткіш-құлпытас. Сол жаугершілік заман батырлығының рухы, ерлігі осы жырдың әр жолын құрап тұр.
Мағжан нағыз шындықты жазды. 3881 нөмірлі істе көрсетілгендей 1938 жылғы оныншы ақпандағы тергеуде Мағжан: "Әдебиеттің сол кездегі ауа райын жасаушылар,жасыратын не бар, менің ұмтылысымды түсінгісі келмеді. Менің шындығым олардың шындығына үндесе қоймағаны мәлім" деп жауап берді.[8,13-15 б.]
Иә... Мағжан тағдыры. Қазақ көгінде құйрықты жұлдыздай жарқыраған Мағжанның өмірі оның өз кейіпкері Баянның тағдырымен үндес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет