Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ағашорын ауылы
«Ағашорын жалпы орта білім беру мектебі» КММ
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтің Батыр Баян поэмасы
Орындаған: Майданова Д.М.
Сынып: 9а
Жетекші: Майданова А.М.
|
Ағашорын, 2021 ж
Жобаның тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтің «Батыр Баян» поэмасы
Жұмыстың құрылымы: Жоба кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жобаның мақсаты мен міндеті: «Батыр Баян» поэмасының көркемдік қабатын ашу. Ақынның поэмада қолданған бейнелеу сөздерін, тілінің көркемдігін ашу. Поэманы талдай отырып ондағы тақырып, идея, өзге оқиғалармен байланысын көрсету. Сонымен қатар жанрлық түрін ажырату. Көркемдігі мен мән-мағынасына терең үңілу.Ақынның қазақ халқының сол кездегі халық жағдайын қандай тарихи оқиғалармен байланыстырған, соны талдап көрсету. Көркемдік қабатын анықтау.
Жобаның жалпы сипаттамасы: Кіріспеде жалпы ақынның поэманы жазудағы шеберлігі, ақынның өзі туралы, тақырыптың зерттелу деңгейі туралы айтылады.Бірінші тарауда «Батыр Баянның» тарихи-сюжеттік негізі қарастырылады. Екінші тарауда «Батыр Баян» поэмасының көркемдік қабаты туралы сөз болады.Үшінші тарауда «Батыр Баян»поэмасының жанрлық түрі зерттелді. Қорытынды бөлімде жалпы жұмыс батысы жұйеленіп, нақтыланады.
Жобада қолданылатын әдістер: салыстыру, талдау, тарихи тұрғыдан жүйелеу әдістері қолданды.
Пайдаланылған дерек көздері: Ғылыми әдебиеттер мен жұмыстар алынды. Сонымен қатар сөздіктер, көркем әдеби шығармалар, ғаламтор қолданылды
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе ................................................................................................
|
4
|
I
|
«Батыр Баян» поэмасының тарихи-сюжеттік негізі ......................
|
6
|
1.1
|
Тарихи сюжеттер ...............................................................................
|
8
|
II
|
«Батыр Баян» поэмасының көркемдік қабаты ..............................
|
12
|
2.1
|
Стильдік ерекшелігі ..........................................................................
|
16
|
III
|
Батыр Баян" поэмасының жанрлық түрі .........................................
|
19
|
|
Қорытынды ........................................................................................
|
21
|
|
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................
|
23
|
Кіріспе
Мағжан Жұмабаев.Мағжан ақынның поэзиясы, прозасы, поэмасы болсын бүгінде қазақ әдебиетінің төрінен орын алып, өз оқырманының жүрегіне өшпес мұра ретінде із қалдыра білді. Қазақтың ұлы ақыны Абайдан кейінгі, өлеңдері арқылы қазақ халқының тіл өнегесін байытуда өз үлесін қосқан ақын, әрине Мағжан. Ақынның артында қалдырып кеткен мұрасы бүгінге дейінгі қазақ халқының бүтін бір тарихы.Әрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін аса бір құнды байлық. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы бүгінгі ұрпаққа жетіп, сол ұрпақпен бірге ақынның өзі болмаса да, мұрасы мәңгі жасап келе жатыр.Ақын сонау қиын да, сұрапыл заманда өмір сүріп, халқының мұң-зарын сол жырлары арқылы жұбата білді, жанынан табыла білді.
Мағжан шығармалары өз заманының тұтастығы бір шежіре секілді, көз алдыңа жан-жақты жүрек тебіренісімен, өз үнімен, қайталанбас өз ерекшелігімен көркем де, шыншыл отты сөзбен жасалған тұлғалармен сомдалған соны дүниені жайып салады. Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алған егеменді еліміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындау түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадамы алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталады.Алаш азаматтары, яғни зиялылар қауымы қазақ ұлтын жеке автономиялы мемлекет етіп құруды мақсат етті. Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық жолына айналды.Алаш арыстары аңсаған еркіндік елге егеменді болып енді оралды. Осы лекпен ортаға оралғандардың қатарында Мағжан ақын да болды. Мағжан Жұмабаев қаламынан туған классикалық шығармалар ұлт әдебиетін белгілі көркемдік дәрежеге көтерді.Ал ақын көркем туындыларындағы эстетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан, халықтың мәдениетінен, жыраулық поэзиядан алып жатады.Ақынның осы негізде қалыптасқан азаматтық позициясын (ұстанымын) таныту да, патриоттық рухта жазылған поэмаларының да ролі зор.Өйткені поэма идеялары ұлт тағдыры проблемаларынан туындаған.М.Жұмабаев поэмалары халықты әдебиетпен байланыстыра дамыту арқылы поэма жанрынан әлемдік әдебиеттер үдерісімен жаңа бағыттағы мазмұнды қолданыстар жасаған. Ақынның көркем шындықты сомдаудағы шығармашылық әдістері поэма жанрының түрлерін тудырды. Бұл ақынның азаттық пен тәуелсіздікті аңсаған, Алаш қозғалысы идеясымен суарылған туындылары. Мағжан Жұмабаев шығармашылығындағы идеялық-көркемдік ізденістердің бәрінде алашшыл көзқарас сабақтастығы, пікір жалғастығы ұласып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |