(адым)
Жүрген елдің ойында,
Ескі өлшемдер мол екен.
Бір сызықтың бойында,
Созсақ сұқ қол, бармақты
... деген сол екен. (сүйем)
2 - жүргізуші: Риана! Осы хабарымызда математиканың басқа пәндермен байланысын, күнделікті өміріміздегі қолданысын, яғни математикасыз өмірдің мағынасыз екенін көрсеттік. Енді біраз жұмбақ жасырып, көрермендермен тікелей эфирге шықсақ , қалай ойлайсың
1 - жүргізуші: Әрине Баян, мен де келісемін сенімен.
2 - - жүргізуші:Математикалық атаулар мен ұғымдар
Есте болар, құрбылар бәріңнің де
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек
Артық болмас, бастайық кезек бізде.
1 - - жүргізуші: - Сонымен жұмбағымызды бастайық.
2 - - жүргізуші: Көрермендер көзайымы. көрермендерге сұрақтар қойылады.
1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы? (АлдамұратоваТ.А. Байшоланов Е.С.)
2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)
3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
5. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
6. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
7. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)
8. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
9. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
10. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге? (бір қоянды торымен әкетеді)
Белсенді қатысқан көрермендерге Алғыс хаттар табыс етіледі.
1 - - жүргізуші: Ал, құрметті көрермендер, осымен телехабарымыз аяқталды.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Эфирде келесі кездескенше сау- саламат болыңыздар!
Хабарға қатысқан адамдарға ризашылық білдіреміз, саналы, білімді азаматтар болуларыңа шын жүректен тілек білдіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |