Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі
Математика пәні мұғалімі: Зилькенова Рымтай Оразбаевна
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: Математикалық әзіл – сықақ телехабары
Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту, олардың
осы пәнге деген қызығушылығын ояту – математиканы
оқытудағы мәселелердің бірі.
Қолданылатын техникалық құралдар: телевизор формалы қорапша, нақыл сөздер, слайдтар, оқушыларға сыйлықтар,алғыс хаттар.
Қолданылатын көрнекіліктер: «Математика тарихынан» А. Собалақов,
«Математика және физика» журналдарынан
Материалдар, тақта, бор, фокусқа қажетті
құралдар, ғалымдар суреттері, нақыл сөздер
Өткізілетін түрі : телехабар
Сабақ барысы: Теледидар хабарының жүргізушілері отырады, Телекөрермендер- залдағы оқушылар. Хабар басталар алдында телевизор экранында жарық пайда болып, музыка ойналады. Экранда Сабағымыздың тақырыбы жазылып, телефон байланысының нөмірлері экранға шығады.алдын презентация дайындалып жазылынып, DVD ойнатқышы арқылы экранға түсіріледі.
Хабарды 2 жүргізуші бастайды.
1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті теледидар көрермендері! Эфирде мектеп телерадиокомпаниясы (МТРК).
2 жүргізуші: Қайырлы күн оқушылар, ұстаздар, қонақтар, теледидар көрермендері! Эфирде мектеп телерадиокомпаниясы!
1жүргізуші:Құрметті қауым!
Бүгінгі өтетін әзіл – сықақ телехабарымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар!
2 жүргізуші: «Сандар сөйлейді» хабарламасы
1 жүргізуші: Әл-Фараби – екінші ұстаз атты бағдарламасы.
2 жүргізуші: Көрініс «Қазақ тілі сабағында»
2 жүргізуші: «Білгенің артық болмас» бағдарламасы
1 жүргізуші: «Көрермендер көзайымы» сұрақтарға жауап
2 жүргізуші:
Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік озады дегендей, алға шыққан оқушыларды демеушілеріміздің алғыс хаттары күтіп тұр.
Телехабарға тікелей эфир арқылы кез – келген оқушы қатыса алады. Ол үшін мына телефондармен байланыс жасаңдар: 27-04-20, 27-04-16 (оқушылардың көтерген қолы телефон шалған болып есептеледі).
1 жүргізуші: Эфирде МТРК. Хабарымызды одан әрі жалғастырамыз! Ықыласпен тыңдаңыздар! Назарларыңызға хабарымыздың 1-ші бөлімі «Цифрлар сөйлейді» бағдарламасын ұсынамыз.
Кенжекөл жалпы орта білім беретін мектебінде ... оқушы және мектепалды даярлық тобында ... бала дәріс алады. Мектептің бастауыш сатысында 1-4 сыныптарда - ... оқушы,
Орта сатысында 5-9 сыныптарда – ... оқушы, жоғары сатысында 10-11 сыныптарда – .. оқушы. Оқушылар 2015 жылдың 1 қыркүйегінде жаңа мектеп ғимаратында оқуларын бастады. Мектеп кабинеттерінің саны: ..., үстелдер саны - ..., орындықтар саны: - ... Мектептегі мұғалімдер саны – 47. Биылғы 11 сынып түлектерінің саны – .. өткен оқу жылының түлектерімен салыстырғанда ... балаға кем. Бүгінгі күні мектептегі өтіп жатқан шараға ____ оқушы қатысуда.
2 жүргізуші: Цифрларды сөйлетіп, әжептәуір мағлұмат алдық.
1-жүргізуші: Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Математикада түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылуының өзіндік сыры, себеп-салдары бар.
2-жүргізуші: Иә. Мәселен, әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевскаяның қызығушылығы былай туындаған екен. Бірде ата-анасы Софияның бөлмесіне түсқағаз жапсырады. Жетпей қалған түсқағаздардың орнына математика кітабының бір бетін жапсырған екен. Сол беттегі математикалық өрнекті күнде көріп жүрген қыздың математикаға деген қызығушылығы артып, артынан дүние жүзіне белгілі математик-ғалым болған екен.
1 - жүргізуші: Хабарымыздың 2 бөлімін бастаймыз.
« Әл-Фараби – екінші ұстаз» атты бағдарламаны ұсынамыз.5 «А» сынып оқушыларының репортажына құлақ түрейік.
1 оқушы: Вавилонда, Египетте,
«Ата мұра» кешегі.
Жеткен екен бүгінгіге
«Теңдеу шешу» есебі.
2- оқушы: Әл-Хорезми-Хорезмде
Ғылымға еңбек етіпті.
«Әл-Жебр» - «Алгебра»
Деп аталып кетіпті.
3- оқушы: Ғалым болған ұл-қыздары,
Шығыстың бас жұлдыздары.
Ұлықбекті отқа жақты
Сол заманның құзғындары.
4-оқушы: Тоғызыншы-он бесінші
Ғасырлардың алыбы.
Нұрын шашқан бар әлемге,
Бүлар-Азия ғалымдары.
Экранға Әбу Насыр Әл-Фараби суреті шығады.
1 – жүргізуші: «Екінші ұстаз»-деп атады,
Фарабиді жұрт түгел.
Атамыздың трактатын
Бағалы әрі, мықты дер.
Оқушылар кезекпен Әбу Насыр Әл-Фараби және оның әлем ғылымына қосқан үлесі жөнінде әңгімелейді.
1-оқушы: Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға құятын өңірдегі Отырар қаласында қыпшақтың әскери қолбасшысының жанұясында туылған.Әл-Фарабидің толық аты жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағғ арғы атасы Тархан Фарабтан шыққан деп атаған.
2-оқушы: Бұл қаланың орны қазіргі Шымкент облысының Қызықұм /Шәуілдір
Ауданы территориясында.
3-оқушы: Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, алғашқы білімді жергілікті медреседе . Зерек, құйма құлақ бала 1-2 жылда –ақ сауатын ашып, өз бетімен кітаптар оқи бастайды.
4-оқушы: Оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді.
Отырардағы кітапхана ел аңызына қарағанда кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан екінші орында болған.
5-оқушы: Тарихи мәліметтерге қарасақ, Отырар қаласы ІХ ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
6-оқушы: Түйелерінің табандарына құрым байлап жатқан жат жердің керуендері де Әбунасыр үшін қызықты.
7оқушы:Кем мен Қашқардан, Үндістан мен Ираннан, Мысыр мен Иеменнен, Шам мен Ирактан, Кавказ бен Еділ бойынан құлақ естімеген көз көрмеген жерлерден келген керуендерді жағалап жүріп, елдердің жайын сұрайды, көрмеген халықтардың салт дәстүрлері де қызықтырған.
8оқушы: Керуеншілерге ілесіп жүрген саяхатшыларды, ғалымдарды, музыканттарды көріп тыңдаған.
9 оқушы:Білімге, ізденуге деген құштарлығы, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрін білсем деген құштарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдығы көп ұзамай оның абырой-беделін көтере бастады.
10 оқушы: Әбунасыр кітаптан басқа тағы 3 нәрсеге көңіл бөледі. Бірі –ат спорты, екіншісі-батырлар мен шешендердің сөздерін тыңдау, үшіншісі – ән шырқап, күй тарту.
11 оқушы: Сол заманда көкпар тартысып, ат үстінде аударысып, жамбы атып, садақ тартып, найза лақтырып үйренген. Бұларға ебі жоқ жастар «қортық» болып есептелген.
12 оқушы: Алғырлығы арқасында Әл Фараби парсы, грек тілдерін үйренді, осы тілдерде ғылыми трактаттар оқыды.
13оқушы:Кәмелеттік жасқа толған соң, ол оқуын жалғастыру үшін жетекші ғылыми орталықтарға б арады. Пифагор, Аристотель, Евклид, Архимед, Птоломей, тағы басқа ғылымдардың еңбектерімен танысып, сол ғалымдарға еліктеп жақын жерлерге саяхаттар жасайды.
14 оқушы:Саяхаттаған жерде өз білімін толық жетілдіреді және көптеген көрнекті ғалымдармен танысып, олардың арасында жетекші орынға ие болады.
15 оқушы: 890 жылы күзде Әбунасыр ел-жұртымен, туған туыстарымен қоштасыптұлпарына мініп, Бұхарадан шығатын керуенге қосылып Меккеге жол тартады.
16 оқушы: Жеті ай жол азабын тартып, Меккеге одан Бағдаттағы «Даналық үйіне» келіп өз білімін жетілдіреді.
17 оқушы: Осы жерде ол өз білімін толық жетілдіріп, көптеген ғалымдармен танысып, олардың арасында жетекші орынға ие болады.
18 оқушы:Бірақ бұл жағдай діни ғалымдардың көре алмаушылықтарын туғызып, олармен көзқарасы жараспаған Әл Фараби Бағдатты тастап, Хорасанға кетуге мәжбүр болады.
19 оқушы: Өмірінің ақырғы күндерін Аллепо және Дамаскде өткізді. 950 жылы Дамаскде қайтыс болып, сонда Бабыс-Сағыр деген зиратта жерленген.
20 оқушы: Туғанына 1100 жыл толуын бүкіл дүние жүзі, соның ішінде біздің елімізде үлкен салтанатпен атап өтті.
2 - жүргізуші: Бұл күнде Сирияның астанасы Дамаск қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Әл-Фараби кесенесі мен тарихи- мәдени орталық салынған.
жүргізуші: Фарабидің өз басының өнегесі-жастарға ғибрат. «Ақыл ой туралы», «Жан туралы», «»Жасөспірімнің ақыл ойы туралы кітап»т.б. көптеген еңбектерінің ғылымда алатын орны ерекше.
Қазақ даласынан шығып, әлемге әйгілі ойшыл ретінде танылған Әл-Фараби мұралары ұрпақтан ұрпаққа жалғасын таппақ.
1 -Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.
2 -Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
1 -Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, әл – Фараби жолын қуса,
2 -Елімнің болашағы гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
1 - жүргізуші: Риана теңдеудің...септіктерге ... жалғауларға қандай қатысы бар ?
2 - жүргізуші: ия, Баян , пропорция әдісіде пайдалы екен.
Эфирде МТРК! Хабарымызды одан әрі жалғастырамыз.
«Қазақ тілі сабағында» атты көріністі ұсынамыз
Хабарымыздан алыстамаңыздар.
Келесі «Білгенің артық болмас» бағдарламасы.
Мұнда қазақы өлшемдерге байланысты суреттер көрсетіледі.
Қарыс сүйем дегеніміз не?
( бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері)
Білем дегеніміз не?
( ортан саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының
арасындағы қашықтық)
Білу үшін шырағым,
Білмегеніңді сұрағын.
Бір аттасаң алдыға,
Сол болады бір ...
Достарыңызбен бөлісу: |